Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өткен #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджінің аяқталғанын хабарлайды. Бұл бастама «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылды.
Акция барысында аймақтық халыққа қызмет көрсету орталықтарында 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер салтанатты түрде табысталды. Бұл қадам олардың ресми түрде елдің азаматтық өміріне...
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты
Бұл бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Бейнеу – Бозой...
Мемлекет басшысы: «Қытайлық серіктестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр»
Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекет экономиканың түрлі саласына шетел инвестициясын жүйелі түрде тарту жұмысына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.
– Осы ретте жақында өткен Қытайға сапарымды атап өткім келеді. Бұл сапар шын мәнінде өте жемісті болды. Екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікке мықты әрі тың серпін берді. Екіжақты келіссөздердің күн тәртібі ауқымды және ең бастысы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, ең алдымен, экономика...
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.
– Сіздер осы салада адал еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына мол үлес қосып келесіздер. Бұл нағыз еңбек адамдарына тән қасиет деп санаймын. Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның...
Текелі қаласында ірі жылыжай қайта жанданады
Жетісу облысының Текелі қаласында ірі жылыжай кешені келесі жылы күзде іске қосылмақ. Бұл туралы Текелі қаласы тұрғындарымен кездесуі барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, ұзақ жылдан бері тоқтап тұрған «Green House – Зеленый дом» жылыжай кешенін жандандыру мақсатында инвестор тартылуда, жобаның құны - 4,5 млрд. теңге. Қазіргі уақытта...
Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды – адами капиталға жүйелі инвестициялар арқылы Әділетті Қазақстан құру. Бұл тапсырма Үкімет атқарып жатқан кешенді жұмыстың негізіне айналды. Ол баршаға қолжетімді әрі заманауи білім беруге және ғылыми орта қалыптастыруға бағытталған. Жүйе мектепке дейінгі тәрбиеден бастап алдыңғы қатарлы зерттеулерді қолдауға дейінгі...
Жетісудың Текелі қаласында жыл соңына дейін туристерге арналған ақпараттық визит-орталық ашылады
Туристік инфрақұрылымды дамыту аясында жыл соңына дейін Текелі қаласында визит орталығы ашылмақ. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы өз сөзінде Текелі қаласының маңында орналасқан «Бұрқанбұлақ» сарқырамасының туристік әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, биыл сарқырамаға баратын жолды жаңғырту жұмыстары басталғанын жеткізді.
- Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан...
Жетісу облысы Текелі қаласында қоқыс қалдықтарын өңдеу мәселесі қолға алынды
Жетісу облысының Текелі қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, соңғы үш жылда 15 көп қабатты үйдің шатырына, 8 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Сол сияқты тұрмыстық қатты қалдықтарды қоймалау мен қайта өңдеу мәселесі де шешілуде. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз...
Қазақстандағы ең ұзын көше – Текелідегі Қонаев көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Текелі қаласында кешенді түрде қарастыруды қажет ететін, ұзақ жылдан бері шешілмей келген инфрақұрылымдық төрт күрделі мәселе соңғы үш жылда шешімін тапты. Атап айтқанда, Текелідегі ең ұзын жол – Қонаев көшесі жөндеуден өткізілуде. Қалаға газ жүйесі тартылып, бүгінде 28 мыңға жуық тұрғын немесе халықтың 92%-ына табиғи газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Сол сияқты қаладағы апатты деп танылған 212 пәтердің иелерінің бәрі...




























