ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамына қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері жаңа ипотекалық бағдарламалар мен арнайы жинақтау есепшоттары бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында банк өкілдері тұрғын үй алу мүмкіндіктері, жеңілдетілген ипотекалық шарттар, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері туралы жан-жақты түсіндіріп, жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Сонымен қатар Жаркент қаласының салық органдарының қызметкерлері азаматтардың салықтық міндеттемелерін уақытылы және дұрыс орындауын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы декларация тапсыру тәртібі мен негізгі талаптары туралы ақпарат жеткізді. Кездесу барысында декларация толтырудың жолдары түсіндіріліп, кездесетін қателіктерге назар аударылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























