«Алмалысу» шекара бөлімшесінде жағымсыз әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру шарасы өтті

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Алмалысу» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен құқық бұзушылықтар мен жағымсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында арнайы түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, қызметтік этика нормаларын ұстану, сондай-ақ заң талаптарын қатаң орындаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға түрлі жағдаяттар мысал ретінде келтіріліп, олардың алдын алу жолдары көрсетілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз