ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының және «Қорғас» шекара бөлімшесінің қатысуымен Қорғас орта мектебінің «Жас шекарашы» үйірмесімен «Калашников автоматының (қол пулеметінің) атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қарудың негізгі бөліктері мен олардың жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылды. Мұндай шаралар жас буынның бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталып, өз жалғасын табуда.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























