ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінің бастығы аға лейтенант А.Умбетияровтың жетекшілігімен Теректі орта мектебінің «Жас шекарашы» үйірмесімен патриоттық сезімді көтеруге бағытталған сұхбат және көрнекті бейнеролик көрсету іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларға Отан қорғаудың маңызы, шекара қызметінің жауапты міндеттері туралы түсіндіріліп, елге адал қызмет етуге үндейтін тәрбиелік мазмұндағы бейнематериалдар ұсынылды. Мұндай кездесулер жас буынның бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























