Тоқаев жаңа министрлік құруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа министрлік құруды тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Қолданыстағы салалық ведомствоның негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Бұл ведомствоны вице-премьер деңгейіндегі білікті маман басқаруы тиіс», – деді Президент.
Осылайша, Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамыту мен цифрлық реформаларды жеделдетуге айрықша назар аудару керектігін атап өтті.
«Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне ерекше тоқталып, заң үстемдігін нығайтудың маңызын атап өтті.
«Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуы қажет. Бұл – ең алдымен ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным», – деді...
Жолдау: «Таза Қазақстан» жобасы елдің жасыл болашағына жол ашады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экология мәселесіне ерекше тоқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт...
Тоқаев Үкіметке медициналық мониторинг жүйесін жасанды интеллектпен жетілдіруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет сапасына мониторинг жүргізудің жаңа тетіктерін енгізу қажеттігін айтты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, жыл соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Қалаларда да бірқатар ірі нысан...
Тоқаев: «Қазақстанда бір палаталы Парламент құру бастамасын көтергім келеді»
Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында сөйлеген сөзінде еліміздің парламенттік жүйесіне қатысты маңызды бастама көтерді. Президент бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау керегін атап өтті.
«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру...
Квазимемлекеттік сектор қызметінің мониторингі аяқталды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жоспар - кестесіне сәйкес, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарына тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға қатысты мониторинг жүргізді.
Аталған мониторингте 8 квазимемлекеттік сектор субъектылары қамтылып, олардың қызмет түрлерінің заң талаптарына сәйкестігі тексерілді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектыларын құру сондай-ақ, жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе)...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Құрметті депутаттар!
Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.
Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды.
Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет.
Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл...
Биыл Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 21 жасыл аймақ абаттандырылады
Жетісу облысында биыл «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында 21 жасыл аймақ, атап айтқанда 13 саябақ, 2 свквер, 6 аллея абаттандырылуда. Құрылыс жұмыстары барлық аудан-қалаларда жүріп жатыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Экологиялық бағдарлама аясында абаттандырылып жатқан нысанның бірі - Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылындағы – «Жеңіс» саябағы. 1980 жылдары салынған бұл саябақтың аумағы - 6 га. Нысанда...





























