Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Берекелі шаңырақ» атты жас отбасына арналған арнайы байқау өтті.  Шараның басты мақсаты – елдегі отбасы институтын нығайтып, беделін көтеру. Сондай-ақ, неке мен ұлт құндылықтарын дәріптеп, жас жұбайлардың берекесін бекемдеу, -дейді ұйымдастырушылар.

 Онлайн  түрде өткен іріктеуге жалпы Жетісудың әрбір аудан қалаларынан 26 отбасы қатысты. Олар алдымен «Менің тату отбасым» деген тақырыпты өздерін таныстырып,  «Менің отбасымның дәстүрі» атты келесі кезекте салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа сай өз өнерлерін ортаға салды. Бұл  іріктеуден өткен 12 жанұяның адамдары облыс орталығында өткен ақтық сайыста өнер көрсетті.  Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Талдықорған қаласынан Ысқақовтар отбасы, екінші жүлдені Талғар ауданынан келген Айбахуновтар отбасы иеленсе, үшінші орынға Текелі қаласынан келген Мұсановтар отбасы лайық танылды. Жүлдегерлер Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломы және бағалы сыйлықтар марапатталып, басқа да қатысушыларға арнайы алғыс хатпен естелік бұйымдар табыс етілді.

 

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK