9 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 74

Жетісу облысында туризмді халықаралық деңгейде дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығында Қазақстан мен Қытай тараптарының қатысуымен кеңес өтті. Кездесу барысында Жетісу облысының туризм саласындағы негізгі туристік маршруттары, әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кеңес барысында баяндама жасаған облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Түкібаев өңірдегі туризмді дамыту бес негізгі дестинацияның әлеуетіне негізделетінін атап...

Қазақстандық балалардың шотына 130,71 доллардан аударылды

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандық баланың шотына 130,71 доллардан аударылды.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ұлттық байлықты әділ бөлу қағидатын іске асыруға бағытталған. Жастарға бастапқы тең мүмкіндіктерді беру мемлекеттің басымдыққа ие міндеттерінің бірі. Ал Ұлттық қорда жинақталған қаражат жас отандастарымызға ер жетіп, үлкен өмірдегі алғашқы қадамдарын нық сеніммен...

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жарияланды. Бастаманың негізінде ұлттық байлық әрбір азаматқа бала кезінен бастап нақты әрі тікелей пайда әкелуі қажет, ал табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін табыс нысаналы түрде және тең дәрежеде бөлінуі тиіс деген қағидат жатыр. Бастаманы іске асыру 2024 жылғы 1 қаңтардан басталды. Бағдарламаға 2006...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте...

Мәулен Әшімбаев: Президент реформаларының түпкі мақсаты – мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады. «Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңіне қадам басуда. Осы тарихи сәтте зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары ерекше рөл атқарады....

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ: СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды конституциялық өзгерістер мемлекеттілікті дамытудың жаңа...

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай Жетісу облысында алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті. Бұл жарыстар AITU KazRoboDrone 3.0 халықаралық байқауы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара Талдықорған қаласындағы «Jetisu Digital» IT-хабында Жоғары политехникалық колледждің ұйымдастыруымен және облыстық цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өтті. Байқауға жоғары технологиялар мен ұшқышсыз авиация саласына қызығушылық танытқан мектеп оқушылары мен студенттер қатысты, - деп хабарлайды...

️Мемлекет басшысы: «Сүйікті Отанымызды көркейту, яғни Заң мен тәртіп үстемдік құрған, Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет»

«Әлемдегі ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Түрлі қақтығыстар мен шиеленістер ушығып, болашақты болжау қиынға соғуда. Соған қарамастан еліміз өсіп-өркендеп келеді. Біз табанды еңбектің арқасында барлық мақсат-мұратымызға жетеміз. Кез келген сын-қатерге төтеп береміз. Өскелең ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, ұқыпты, тәртіпті, жинақы болғаны, жақсы мен жаманды айыра білгені айрықша маңызды. Тағы да атап өткім келеді: мен халқымыздың, әсіресе, жас буынның күш-жігеріне, жасампаз рухына сенемін. Қазақстан...