Талдықорғанның қала күні қарсаңында орталық «Имам» мешітінің ұйымдастырумен 2 мың түптен астам ағаш егілді.  Бұл бастама Қазақстан діни басқармасының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай «30 мың түп тал отырғызу» ақциясы аясында қолға алынған.

Ағаш егуге жиналған қауым алдында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Оразбаев: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.) бір хадисінде «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек, мұсылманның еккен ағашының жемісін біреу жесе де, ұрласа да, одан жануарлар қоректенсе де , құстар шұқыса да садақа» деген екен. Кімде-кім бір түп ағаш отырғызса, оны адам баласы немесе Алланың жаратқан жануары мен жәндігі жейтін болса, отырғызған адамға сауабы бары айтылған. Бүгін аймақта 2100 түп жуық ағаш отырғызылуда. Оған әрбір мешіттің имамдары мен шәкірттері  тағы басқа да жамағаттар ат салысуда.  Барлықтарыңызға Алла разы болсын!  Мұнда біреу талын әкеліп, енді біреулер еңбектеніп ағаш егісіп жүр. Жалпы, табиғи ортаны гүлдендіріп, өңірлерді өркендету көпке ортақ міндет», — деді.

                                                                                            Айдын КӘЛІМХАН.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK