20.3 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 543

Талдықорған қаласының 2023 жылғы ораза кестесі

Талдықорған қаласының  2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз!  

Пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен...

Ел Президенті Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысына өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларына баса назар аударылды. Атап айтқанда, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, ауыл шаруашылығы айналымына қосу, ирригация жүйелерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Бейбіт Исабаевтың айтуынша,...

«Жыл берекелі болсын»: Президент қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен (Көрісу күні) құттықтады.  "Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!", – деп жазды Президент Twitter парақшасында. Айта кетейік, Көрісу күні елімізде негізінен батыс өңірлерде аталып өтіледі. Бұл күні жұртшылық ерте тұрып, жасы үлкен...

Елімізде балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесі әзірленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережелерін әзірледі. «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға мыналар енеді: - бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; - бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; - құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және...

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды. Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. – Оның бағыт-бағдарын былтыр наурыз айындағы Жолдауда айқындап алдық.  Еліміз...

«АУКЦИОН» ХИКАЯСЫ Әңгіме

- Келімбеттің  көкесі-ау,  не  білгенің  бар? - деді,  кертіш  мұрыны  дүрдік  ерініне  жараса  қалған, екі  беті  нарттай   келіншек,  кетік  тістерінің  арасынан   қызыл  тілін  жылмаңдата  сөйлеп - Не  білгенің  бар,  осы  он  бес, жиырма  үйлі  ауыл  түгел  біздің  үйдің  түтеген  түтініне  көзін  қадап,  қарап  отыр  ертеңді-кеш ... - Нені  білетіні  бар  еді,  түге?! - деп,  шаңқ  ете  қалды,  имиген  мұрыны  иегіне ...

Талдықорғанда ұрықты қорғау орталығы ашылды

Ұрықты пренаталдық диагностикалық сапасын жақсарту, балалар арасында аурушаңдық пен мүгедектікті уақтылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен даму кемістігінен нәресте өлімін азайту мақсатында Қазақстан Республикасында пренаталдық скрининг жүргізуді жетілдіру үшін Облыстық перинаталдық орталық базасында Жетісу облысы бойынша ұрықты қорғау орталығы ашылды. Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жасалып, генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді. Ұрықтың даму патологиясы анықталған кезде,...

Бұл сайлау – Жаңа Қазақстанды құрудың бас қадамы

2023 жылдың 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес, елімізде ағымдағы жылдың 19 наурызында ҚР Парламент мәжілісінің депутаттығына, барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіндігі баршамызға мәлім.         Бұл үлкен саяси-қоғамдық, жалпы халықтық шараның ерекшелігі – өкілді органдар депутаттарының сайлауын Қазақстанның барлық аумағында бір мезгілде өткізу.  Еліміздің басты құндылығы адам және  оның өмірі. Әркім өзінің тұрмысын, өмір сүру сапасын, экономикалық дамуын,...

Жетісу облысында орташа жалақы 250 593 теңге

2022 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша жетісулықтардың орташа жалақысы 250 593 теңгеге жеткен. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болды. Бұл ретте қызмет көрсету секторының өкілдері, өңір бойынша және ҚР бойынша орташа жалақыдан едәуір төмен алады. «Халықтың ақшалай табысы – 100%, оның ішінде еңбек қызметінен түскен табыс – 69,1 пайыз, жалдамалы жұмыстан түскен табыс –...