Едіге Меймаш: «Патриот.KZ» жобасы – мен үшін үлкен мүмкіндік!

488

«Патриот.KZ» реалити-шоуында Талдықорғанның намысын қорғайтын саңлақтарымыздың бірі Едіге Меймаш. Қазір ол дайындық үстінде. Сәттілік серік болса, жеңісті қолдан бермеймін дейді жас боксшы.
2001 жылы дүниеге келген спортшымыздың салмағы 68 келі. Бокспен шұғылданып жүргеніне 6 жылдай уақыт болған. Едіге болашақта Алаш атын шартарапқа танытып, биік шыңдардан көрінуді алдына мақсат етіп қойған. Бүгінде Генадий Головкин, Қанат Ислам сынды жұлдызы жанған боксшыларды үлгі тұтады. Солар сияқты өзінің де болашағы жарқын боларына нық сенімді. Сол межеге жету үшін тынбай тер төгу керек екенін де біледі.
«Мен үшін «Патриот.KZ» жобасы таптырмас мүмкіндік. Осы сында қарсыластарыма есе жібермей, мейлінше үздік өнер көрсетуге тырысып бағамын», — дейді жас батыр.
Жерлесімізге қолдау білдірейік!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK