Бұл сайлау – Жаңа Қазақстанды құрудың бас қадамы

3469

2023 жылдың 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес, елімізде ағымдағы жылдың 19 наурызында ҚР Парламент мәжілісінің депутаттығына, барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіндігі баршамызға мәлім.

        Бұл үлкен саяси-қоғамдық, жалпы халықтық шараның ерекшелігі – өкілді органдар депутаттарының сайлауын Қазақстанның барлық аумағында бір мезгілде өткізу.

 Еліміздің басты құндылығы адам және  оның өмірі.

Әркім өзінің тұрмысын, өмір сүру сапасын, экономикалық дамуын, экологиялық ортаның қауіпсіздігін, келешек ұрпақтың болашағынажаны ашитынәр азамат сайлауға қатысады деп ойлаймын.

        Әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси ролінің дүние жүзінде артып келетіні баршаға аян.

Біздің болашағымыз кемел, жарқын. Ең маңыздысы сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасау. Біз келешектен тек жақсылық күтеміз.

Жалпы барлық азамат белсенді болуы керек. Сайлау күні неғұрлым адам көп келіп, дауыс берсе, соғұрлым сайлау үлгілі, таза өтеді.

Н.Островский атындағы №8 ОМ директоры     С.С.Долаев

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз