«Жыл берекелі болсын»: Президент қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

351

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен (Көрісу күні) құттықтады.

 «Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», – деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Көрісу күні елімізде негізінен батыс өңірлерде аталып өтіледі. Бұл күні жұртшылық ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем беріп, бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтып, көктемге аман-есен жеткеніне алғыс білдіреді. Сондай-ақ араздасқан адамдар болса, бір-біріне деген өкпе-ренішін кешіріп, татуласады. Ал үйлерде мерекенің құрметіне арнайы дастархан жайылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз