15.9 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 542

Қала тұрғындары белсенділік танытуда

Әлібаева Ләззат Серікқанқызы, «Бақылау» қоғамдық бірлестігінен, байқаушы: Мен №395 сайлау учаскесіне бақылаушы болып келіп отырмын. Сайлау учаскесі таңғы 6-дан бастап ашылды. Бәрі уақытымен басталды. Сағат 7-де Әнұранмен ашылып, бірінші 9 адам келіп дауыс берді. Бәрі өз орнымен дұрыс жүріп жатыр. Азамат ретінде осы сайлау әділ өтетінін қалаймын, әрі сенімдімін. Мұнда 13 адам байқаушы болып қатысып отырмыз. Қаламыздың тұрғындары өте...

Ұлт қамын ойлаған ақсақал

Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері Құсайынов Ысқақ Әбілпейісұлы атамыз №386 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.  Ақсақал әрбір сайлау науқанынан қалмауға тырысады. Себебі, ұрпағының болашағын ұлтының болашағы деп түсінетін ақсақал бүгінде  немерелерінен шөбере сүйіп отыр. - Мен зұлматты соғыстың ызғарын көрген ардагермін. Отан үшін отқа түсіп, аман қалдым. Бүгінгі бейбіт заманға қол жеткізіп, осынау шараға атсалысып жүргеніме бақыттымын....

Ел ертеңі жолында таңдауымызды жасадық

Жалпы бірнеше елдімекен қарайтын Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылдық округі бойынша 5 сайлау учаскесі бар. 1. Өтенай ауылының мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №435 сайлау учаскесі. 2. Өтенай ауылының №21 мектеп ғимаратындағы №436 сайлау учаскесі 3. Өтенай ауылының №21 мектеп ғимаратының шығыс №437 сайлау учаскесі бөлігі кешкі мектеп 4. Еңбек ауылының №22 мектеп ғимаратындағы №438 сайлау учаскесі 5. Мойнақ ауылының №23 мектеп ғимаратындағы №439 сайлау...

Еліміздің дамуы біздерге байланысты

Еркін ауылдық округінде учаскелік дәрігер Зоя Ихсанова №430 учаскеде өз таңдауын жасады. Мен айналамда болып жатқан оқиғаларға өзімді жауапты деп санаймын. Қазақстан - ол біз! Біздің еліміздің дамуы мен болашағы әрқайсымызға байланысты. Мұндай маңызды шаралардан қалыс қалуға болмайды деп есептеймін. Учаскелерде өте жайлы атмосфера. Үміткерлер арасындағы бәсекелестікке қарамастан, бұл жердегі адамдар көпшіл және позитивті екенін атап өткім келеді.    

Келешекке деген сенім

Қазақстандықтар өздерінің азаматтық борышын өтеуде. Таңмен таласа саяси науқанға атсалысқандардың  бірі - Еркін ауылдық округінің тұрғыны, аға медбике Жания Құлжабаева. Бүгін тәуелсіз еліміз үшін маңызды күн деуге болады. Өйткені, отандастарымыз өз таңдауын жасап, болашақ бағдарын белгілеуде. Қашанда елдің елдігін, жұрттың берекесін көрсететін береке мен ынтымақ екендігі баршамызға аян. Бүгінгі жерлестеріміздің сайлауға деген ынтасынан дәл осы қасиетті байқадық. Себебі, қазір...

Талдықорған қаласында алғашқылардың бірі болып түйешілер дауыс берді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты.  Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында   35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен...

Тың реформа — ел дамуының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған тың реформалары ел дамуының кепілі. Өйткені Жолдауда көп көңілінде жүрген көкейкесті мәселелер атап көрсетіліп, жұрттың тұрмысын жақсартудың жаңа бағыттары айқындалды. Міне, бұл, болашақта масылдықтан арылып, халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, елді еш кедергісіз дамыту мақсатында жасалып жатқан батыл қадам. Осыған сай бүгінде қолға алынған жалпы елдегі саяси,...

Оқушы мен мұғалімнің сабақта ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ

Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген. «Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі...

Білімді өрендер Шымкентте бақ сынайды

Биылғы оқушылар арасында өтетін  білім сайысы-республикалық пән олимпиадасы Шымкентте өтеді. Білім саласындағы озық көрсеткіштердің нәтижесінде биыл республикалық олимпиада алаңы Шымкенттен таңдалып отыр. Айта кетейік,бұл өңірдің оқушылары соңғы үш жылда республикалық пән олимпиадаларында топ жарған еді. Республикалық жарыс екі кезең бойынша 20-25 наурыз және 3-8 сәуір аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында өтеді. Білім додасында жетісулық дарындылар да  бағын сынайды.  

Еңбек ауылында спорт және балалар ойын алаңы қолданысқа берілді

Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылы аумағындағы Еңбек елдімекенінде спорт және балалар ойын алаңы ел игілігіне берілді. Ойын алаңының ашылу салтанатына ауылдық, қалалық әкімдік өкілдерімен қатар аймақ тұрғындары қатысып, ризашылығын білдірді. Жиналған қауым алдында сөз алған Өтенай ауылының әкімі Жаннұр Әбішев ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ ол: - «Бүгінде Өтенай ауылына – Еңбек, Мойнақ, Пригородный, Ынтымақ, Жастар сынды...