Қазақстандықтар өздерінің азаматтық борышын өтеуде. Таңмен таласа саяси науқанға атсалысқандардың бірі — Еркін ауылдық округінің тұрғыны, аға медбике Жания Құлжабаева. Бүгін тәуелсіз еліміз үшін маңызды күн деуге болады. Өйткені, отандастарымыз өз таңдауын жасап, болашақ бағдарын белгілеуде. Қашанда елдің елдігін, жұрттың берекесін көрсететін береке мен ынтымақ екендігі баршамызға аян. Бүгінгі жерлестеріміздің сайлауға деген ынтасынан дәл осы қасиетті байқадық. Себебі, қазір көптің келешекке деген сенімі оянды.