Тың реформа — ел дамуының кепілі

3943

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған тың реформалары ел дамуының кепілі. Өйткені Жолдауда көп көңілінде жүрген көкейкесті мәселелер атап көрсетіліп, жұрттың тұрмысын жақсартудың жаңа бағыттары айқындалды. Міне, бұл, болашақта масылдықтан арылып, халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, елді еш кедергісіз дамыту мақсатында жасалып жатқан батыл қадам.

Осыған сай бүгінде қолға алынған жалпы елдегі саяси, жаңа экономикалық реформалардың барлығы халықтың жайлы өмір сүруіне, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, азаматтардың Конституциялық құқықтарын күшейтуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, кемел келешектің кепілі демократия – еліміздің Конституциясынан басталады. Осыған сай, Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылғы Ата Заңға енгізілген  бірқатар өзгертулер жаңа Қазақстан құруға тың  серпін береді. Заңда барлық азаматтың құқығы қорғалған және толығымен сақталған. Себебі, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған реформалардың жан-жақты жүзеге асуын қазіргі әр саладағы жасалып жатқан тың бетбұрыстардан анық аңғаруға болады. Мәселен, бүгінде елде биылғы жылдың 19 наурызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр. Әрі жұрттың да сайлауға үміткерлердің де белсенділігі жоғары. Өйткені, бұл жолғы сайлау бұрынғыдан мүлде өзгеше. Кез келген Қазақстан азаматы өзін сайлауға үміткер ретінде ұсынып, білімі мен біліқтілігін дәлелдеп халықтың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізуге құқылы. Бұдан Ата Заңға сай еліміздің құқықтық, демократиялық зайырлы мемлекет екенін көруге болады.  Оған бір ғана дәлел қазір 130 – дан астам ұлт өкілі қазақ даласында тыныш ынтымақта, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Сондықтан да жалпы жұрт алдағы сайлау науқанына қатысып, өзі қалаған үміткерге дауысын беріп, өз таңдауын жасайды деп сенемін. Тың реформа — ел дамуының кепілі. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы үшін мызғымас  бірлік орнатып, қолдау көрсетейік.                                           

                                                               Мұхтар Ахметжанов,  

Талдықорған қалалық Ауған соғысы

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз