Талдықорғанда «Бекет-2023» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтуде
4 сәуір күні Талдықорған қаласының аумағында «Бекет-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде,-деп хабарлайды taldykorgan-online. kz. өзге дереккөздерге сүйене отырып.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Жетісу облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы азаматтарды жүргізіліп жатқан...
Ақшолақов Қазақстандағы ЖЖМ ішкі нарығындағы ахуал туралы
ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті:
жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тиым салынды;
ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;
мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.
Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер...
Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы
Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт.
Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна («IHS Markit» есебі бойынша).
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша Қазақстанда дизель отыны...
Соңғы 5 жылда бензин өндірісі 70%, дизель отыны –30%-ға ұлғайды
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді.
Соңғы 5 жылда Біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды - 30%-ға...
Жетісу облысында ведомствоаралық «Бекет» әскери оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесімділікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде «Батыл Тойтарыс - 2023» оқу-жаттығуы өтеді.
5 сәуірде Жетісу облысында "Көктал" оқу полигонында "Батыл Тойтарыс" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі шеңберінде ведомствоаралық "Бекет" оқу-жаттығуы және ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерімен тактикалық оқу-жаттығудың белсенді...
«Ақсу» спорт кешеніндегі күрес залына Жұмабек Қуанышбайұлының есімі берілді
Жұмабек Қуанышбайұлы – ақын –балуан, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, Қазақ КСР спорт шебері, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі болған ұлағат иесі еді.
Жұмабек Қуанышбайұлы 1939 жылы 20 қазан күні өңіріміздің Ақсу ауданы, Көк-Өзек (Қаракөз) ауылында дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы Қаракөз ауылы мен Лепсі ауылында өтті. Лепсі орта мектебінен түлеп ұшып, Қазақ...
Электр желілеріне технологиялық қосу
2020 жылғы 23 қыркүйекте № 327 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын (бұдан әрі- Қағидалар) бекітті, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлайды.
Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес әзірленген. Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі технологиялық қосу...
Талдықорғанда мың түп ағаш егілді
Сәуір айының 1 күні Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев, қала әкімі Әсет Масабаевтардың қатысуымен өткен шарада қаладағы «Жеңіс» саябағына мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айының алғашқы күнгі тазалық және көгалдандыру жұмыстарына жалпы 6 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 50-ден астам техника тартылған. Сонымен бірге қаладағы әрбір мекеменің еңбек ұжымдары өздеріне...
Тұқым және көшет сатушылардың назарына !
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» № 344-I заңының 12 – бабына сәйкес, мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау объектілерінің бірі - себетін және отырғызылатын материалдар болып табылады. Сондықтан, жыл сайын көктемде « КӨШЕТ» акциясы жарияланады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерді әкелудің алдын алу, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақытылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдер фитосанитарлық талаптарға сай...
Талдықорған қалалық мәслихаты: депутаттарға үлкен сенім артылды
Күні кеше Тіл сарайында Талдықорған қалалық мәслихатының VIII – шақырылымының I сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына Талдықорған қаласының әкімі Ә.Масабаев, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қошанбеков, жаңадан сайланған депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер басшылары шақырылыпты.
Сессияда Талдықорған қалалық мәслихатының төрағалығына көпшілік дауыспен Т.Ахажан сайланды. Жиын барысында қалалық мәслихатқа жаңа құрамда сайланған 18 депутатқа арнайы куәлік пен депутаттық белгіше табысталды.
Жиында...





























