Талдықорғанда мың түп ағаш егілді

485

Сәуір айының 1 күні Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев, қала әкімі Әсет Масабаевтардың қатысуымен өткен шарада  қаладағы «Жеңіс» саябағына мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айының алғашқы күнгі тазалық және көгалдандыру жұмыстарына  жалпы 6 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 50-ден астам  техника тартылған. Сонымен бірге қаладағы әрбір мекеменің еңбек ұжымдары өздеріне тиесілі аумақты қоқыстардан  тазартып, арықтарды аршыған.Тазалық шарасы  барысында жалпы 900 текше метрге жуық қоқыс жиналып, шығарылған.

Сенбілікке аймақ басшыларымен бірге өңірдегі ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар атсалысып «Жеңіс» саябағына мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызған.

Мамандардың айтуынша, биылғы жылы Жетісу облысында жалпы  93 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 2 мыңға жуығы «Жеңіс» саябағына отырғызылып үлгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз