Талдықорған қалалық мәслихаты: депутаттарға үлкен сенім артылды

353

Күні кеше Тіл сарайында Талдықорған қалалық мәслихатының VIII – шақырылымының I сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына Талдықорған қаласының әкімі Ә.Масабаев, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қошанбеков,  жаңадан сайланған депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер басшылары шақырылыпты.

Сессияда Талдықорған қалалық мәслихатының төрағалығына  көпшілік дауыспен Т.Ахажан сайланды. Жиын барысында қалалық мәслихатқа жаңа құрамда сайланған  18 депутатқа  арнайы куәлік пен депутаттық белгіше табысталды.

Жиында қала әкімі Ә.Масабаев, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қошанбеков және қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Мейрембаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Керімбеков депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі. Халықтың үлкен сенімі артылып отырғандығына тоқталды.

Одан әрі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағалары мен құрамын бекіту жөніндегі  күн тәртібіндегі мәселе қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз