Тұқым және көшет сатушылардың назарына !

365

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» № 344-I заңының 12 – бабына сәйкес, мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау объектілерінің бірі — себетін және отырғызылатын материалдар болып табылады. Сондықтан, жыл сайын көктемде « КӨШЕТ» акциясы жарияланады.

​Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерді әкелудің алдын алу, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақытылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдер фитосанитарлық талаптарға сай болуы керек. Айта кету қажет, көшеттер карантиндік аурулар мен зиянкестердің тарату көзі болып табылады.
Карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау және сату кезінде ілеспе құжаттары, яғни міндетті түрде өзге облыстардан әкелінентін болса – карантиндік сертификат, шет елдерден – фитосанитарлық сертификат және облыс аумағынан әкелінентін болса – карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау актісі болуы керек. Аталған құжаттар карантиндік фитосанитарлық бақылау нәтижелері бойынша ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитетінің тиісті аумақтық инспекцияларынан алынуы қажет.
Жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық және карантиндік сертификатты Халыққа қызмет көрсету орталығынан ашқан жеке кілттерімен сол қаланың, ауданның аумақтық инспекциясының порталына электронды түрде өтінім жіберу арқылы алуға құқылы. Жөнелтілетін карантинге жатқызылған өнімге карантиндік зерттеу жұмыстары жүргізіліп, фитосанитарлық сертификат 3, карантиндік серификат – 1 жұмыс күні ішінде беріледі.
​Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерлерде жеміс ағаштарының көшеттіктерін, тұқымдық материалдарды сатуға тыйым салынған.
​ҚР өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 – бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады..
Бұл шаралардың барлығы материалдарды тасымалдауды барынша азайту үшін қажет атап айтқанда,біздің облыс аумағында одан әрі таралуына жол бермеу үшін.
​Қажетті ақпарат алу үшін Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі 9 мекен-жайында орналасқан Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясына хабарласуға болады, байланыс телефоны: 32-78-19

ҚР АШМ АӨК МИК Талдықорған қалалық
аумақтық инспекциясының өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Б.Алимжанов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз