Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізіле ме?
Қазақстанда биыл 1-ші қыркүйектен бастап кей сыныптардағы оқу бағдарламасына өзгеріс енеді. Жоба қоғамдық талқылауға ұсынылған деп хабарлайды taldykorgan-online.kz өзге басылымдарға сілтеме жасап.
Мектеп бағдарламасындағы өзгеріс “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Бұйрық жобасының мақсаты - білім беру мазмұнын түзету болып табылады. Осылайша ашық талқылауға шығарылған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта "Көркем еңбек" пәнінің орнына "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері енгізілгені, "Шет...
Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы әлеуметтік қорғау мекемелерін аралады
Талдықорған қаласында медициналық оңалту көмегін көрсететін әлеуметтік қорғау мекемелеріне бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев барды.
Облыс басшысы алдымен аутизм және басқа да психикалық бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі орталыққа барды. Бұл нысан сәуір айының екінші жартысында жұмысын бастағалы отыр. Осы қолайлы ғимарат жергілікті бюджет есебінен сатып алынып, оған жалпы сомасы 200 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Қажетті жабдықтарды «Қамқорлық»...
Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының алқабы 2 есе ұлғайтылады
Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биылғы жылы қант қызылшасының егістік көлемін 2 есе ұлғайтып, 8 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Қызылша егу жұмыстарына кіріскен шаруашылықтардың бірі - Ескелді ауданындағы «Дүйсенбінов» шаруа қожалығы.
«Дүйсенбінов» шаруа қожалығының қант қызылшасын өсіріп келе жатқанына бірнеше жыл болған. Мәселен, фермер өткен жылы өнімділікті рекордтық көрсеткішке жеткізіп, қант зауытына 22 мың тоннадай тәтті түбір...
Талдықорғанда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Талдықорған қаласында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан ауызашар берілді. Ауызашарға ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, ауыл шаруашылығының, коммуналдық саланың қарапайым еңбек адамдары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері, зиялы қауым және басқа да салалардан жалпы саны 300 адам қатысты.
Жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев оразаның жанды да, тәнді де сауықтыруға, тазару мен жаңғыруға бастайтын қасиеттерін...
Жетісу облысында 2 мыңнан астам қылмыс ашылған
Өткен жылы Жетісу облысы бойынша жалпы 2 мыңнан астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 89 қылмыскер құрықталған. Осы мезгіл ішінде із-түссіз жоғалған 41 адам анықталып, заң бұзушылық көрсеткіші де айтарлықтай азайған. Мұнда аса ауыр қылмыс 4,7, ұрлық 8,7, бұзақылық 29 пайызға төмендеген. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен жұртпен жүздесуінде облыстық ПД басшысы полиция генерал-майоры Атығай...
Талдықорғандық жас ғалымдардың «Робот медбикесі»
Әлемде ауру түрлері мен сырқаттанушылар саны жылдан-жылға артып барады. Сол себепті дәрігерлердің жетіспеушілігі қатты байқалып отыр. Технология дамыған сайын адамзаттың денсаулығы күрт нашарлады. Жасыратыны жоқ, әр науқасқа күтім қажет. Бұл диллеманың шешімін жетісулық жас ғалымдар тапқандай. Енді науқастың жай-күйін Med-Bot робот бақылайды.
Егер әлем осындай роботтарды дамытып, жүйені нейрондық желілер негізінде оқытатын болса, онда құрылғы кіші медицина қызметкерлерінің орнын басады....
АНТИКОР ЖЕТІСУ ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА ГРАНТТАР БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТТАРДА ЗАҢСЫЗДЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында Жетісу облысының аудандары мен қалаларының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлімдері кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.
2022 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру бойынша дара кәсіпкерлермен 10 күндік мерзім белгілей отырып, бұзушылықтарды жою бойынша негізсіз талаптарды кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделмеген шараларды қоса отырып, шарттар жасалды.
Ісін...
Жетісу облысында «Инватакси» қызметі жаңа автокөліктермен толықты
Еліміздегі ұлттық қорлардың бірі Жетісу облысына арнайы жабдықталған 3 су жаңа көлікті сыйға тартты. Мүгедектігі бар тұлғаларға қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында биыл «Инватакси» қызметін көрсету үшін жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаражат қаралып отыр. Оған осындай 10 көлік сатып алынатын болады. Өңірдегі «Инватакси» қызметін 15 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Олар жыл басынан бері 12 мыңнан астам шақыртуға...
Облыс басшысы Талдықорғандағы әлеуметтік нысандарды аралады
Талдықорған қаласында медициналық оңалту көмегін көрсететін әлеуметтік қорғау мекемелеріне Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев барды.
Ең алдымен, аутизм және басқа да психикалық бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі орталығы жұмысымен танысты-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл нысан сәуір айының екінші жартысында жұмысын бастағалы отыр. Осы қолайлы ғимарат жергілікті бюджет есебінен сатып алынып, оған жалпы сомасы 200 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген...
Қазақстанда банкроттық рәсімдерінен өту қызметтеріне «көмек ұсынушылар» белсенділік танытуда
2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттық рәсімін қолдануға ниет білдірген азаматтардан өтініштер қабылдау басталды.ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі- МКК) деректеріне сәйкес, кейбір ХҚО-лардың алдында ақшалай сыйлықақы үшін қажетті құжаттар ресімдеп беруді ұсынатын «көмекшілер» пайда болды. МКК өкілдері соттан тыс банкроттық рәсімі (берешек 5,5 млн теңгеден артық болмаған кезде) мүлдем тегін екендігі жөнінде еске салады.
Қарыз алушыларды...





























