Қазақстанда банкроттық рәсімдерінен өту қызметтеріне «көмек ұсынушылар» белсенділік танытуда

748

2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттық рәсімін қолдануға ниет білдірген азаматтардан өтініштер қабылдау басталды.ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі- МКК) деректеріне сәйкес, кейбір ХҚО-лардың алдында ақшалай сыйлықақы үшін қажетті құжаттар ресімдеп беруді ұсынатын «көмекшілер» пайда болды. МКК өкілдері соттан тыс банкроттық рәсімі (берешек 5,5 млн теңгеден артық болмаған кезде) мүлдем тегін екендігі  жөнінде еске салады.

Қарыз алушыларды алдау үшін  «көмекшілер» қандай аңыздар ойлап табатындары жөнінде  Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.

 

 

«Сіздің соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша қарыздарыңызды делдалсыз есептен шығармайды»

Қаскүнемдер соттан тыс банкроттық рәсіміне  өтініш жазу  және мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша өз қызметтерін ұсынады.Олар азаматтарды өздігінен жазылған өтініштер ешбір жағдайда қаралмайды деп сендіреді.

Бұл жалған түсінік! «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға сәйкес қазақстандықтар соттан тыс банкроттық рәсіміне  өтінішті дербес және мүлдем  тегін ұсынады. Ең бастысы, мынадай талаптар сақталуға тиіс:

  1. Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс (2023 жылға – бұл 5 млн 520 мың теңге);
  2. Борышкердің атына тіркелген мүліктің, оның ішінде ортақ меншіктегі мүліктің болмауы.
  3. Өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде кредиторлар мен коллекторлар алдындағы міндеттемелерді өтеудің болмауы.
  4. Мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде кредиттік шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу немесе өндіріп алу жөніндегі рәсімнен міндетті түрде өту.

Егер борышкер өтініш берген күнге өзінің берешегін 5 жылдан артық өтемесе, онда аталған барлық талаптар оған қолданылмайды.

Өтінішті онлайнқалай беруге болады?

  1. Алдымен id.mkb.kzсайты арқылы дербес кредиттік есеп (ҚР азаматтарының банкроттығы) алу қажет, онда ең аз мерзімі өткен күндерді көрсетумен, ағымдағы міндеттемелердің сомасы көрсетіледі. Бұл қызмет тегін көрсетіледі және оны кез-келген электрондық құрылғылар, оның ішінде мобильді құрылғылар арқылы алуға болады.
  2. Сіздің атыңызға жеке немесе ортақ меншіктегі мүліктің тіркелгенін білу үшін egov.kz сайты арқылы тиісті анықтамаға тапсырыс беріңіз.
  3. Өтінішке кредитормен (екінші деңгейдегі банкпен не микроқаржы ұйымымен) қарызды реттеу туралы құжатты қоса беріңіз. Мыналар есеп айырысу құжаты болып саналады:
  • банктің реттеуден бас тартуы;
  • өтініштің көшірмесі не өтінішті электрондық форматта жіберу туралы растау (банктің жауабы болмаған жағдайда);
  1. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады не жақын жердегі ХҚКО бөлімшесі арқылы қағаз тасымалдағышта беруге болады.
  2. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті толтыру кезінде ерлі-зайыптылардың (жұбайы (зайыбының) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алу қажет өтінімді электрондық үкімет сайтындағы Жеке кабинетте келіседі. Жұбайы (зайыбы) бас тартқан жағдайда, өтініш жөнелтілуге жатпайды.

Өтінішті қарау нәтижесін www.egov.kzсайтындағы жеке кабинеттен, ол берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.

 

«Қарызды толығымен есептен шығаруға және сот банкроттығы шеңберінде тұрғын үйді сақтап қалуға көмектесемін»

«Делдалдар» сот банкроттығына жүгінгісі келетін қарыз алушыларға (қарыз 1600 АЕК-тен жоғары болуы керек),  олардың қарыздарын өздерінің қызметіне белгілі бір төлем алған жағдайда сот арқылы есептен шығаруға және сонымен бірге мүлік пен ақшаны сақтап қалуға уәде беруі мүмкін.

Сенбеңіз! Сот банкроттығы рәсіміне өтініш берген кезде борышкердің барлық мүлкі сауда-саттықта сатылады. Азаматтар кепілге салынған мүлік, борышкердің жалғыз баспанасы болса да, сот банкроттығы кезінде кредитордың бұл мүлікті алып қою құқығы бар екенін білуі керек. Қалған өтелмеген сома борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығарылады, бұл жерде мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасырып қалу, жалған ақпарат беру және т.б. туралы айтылып отыр

Сот арқылы банкроттық рәсімін мынадай қаржы басқарушылары жүзеге асырады:

— заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің банкроттығы рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;

— кәсіби бухгалтерлер;

— заң консультанттары;

— аудиторлар.

Қаржы басқарушыларының қызметтері ақылы түрде көрсетіледі. Олардың қызметтерінің төлемі борышкердің мүлкі есебінен (бір айда 1 ЕТЖ, 2023 жылы 70 мың теңге болды) жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, мүлкі жоқ адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтері тегін көрсетіледі.

Қаржы басқарушысын кім тағайындайды?

 

Банкроттық туралы заңның 21-бабына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғағаннан кейін уәкілетті орган қаржы басқарушысын осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тағайындайды

«Банкпен және МҚҰ-мен берешекті реттеуге көмектесемін»

 

Жосықсыз «делдалдар» да азаматтарға кредиттерді қайта құрылымдау мәселесін қосымша ақы үшін шешіп беруді ұсынады.

Кредиторға дербес жүгініңіз! 2021 жылғы қазаннан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі шеңберінде азаматтардың қайта құрылымдауға өтініштерін заң жүзінде қарауға міндетті. Қарыз алушылардың іс-қимыл алгоритмі түсінікті әрі жеңіл, ол үшін ешкімге ақша төлеудің қажеті жоқ! Сонымен қатар, оның алгоритмі жөнінде тегін консультациялар мен түсіндірмелерді 1459 нөмірі бойынша call-орталық арқылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде, «Fingramota online» мобильді қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ-да және Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық арқылы «Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-да және микроқаржы омбудсманы арқылы  алуға болады.

 

Таяқтың екі ұшы: алаяқтық схемасына қатысу

Назар аударыңыз! Борышкердің өз өтінішінде немесе банкроттық туралы істі қарау кезінде өз қаржысы жөнінде ақпаратты саналы түрде жасыруы немесе жалған деректер ұсынуы алаяқтыққа теңестіріледі. Ешбір жағдайда Банкроттық туралы заңды жауапкершіліктен қашу мүмкіндігі ретінде қарауға болмайды. Мұндай жағдай, мәселен, мүлікті жасырып қалу фактісі анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілік немесе банкроттық рәсімінің күшін жою көзделеді.

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз