Боччадан өткен облыстық турнир
Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай бочча спорт түрінен Жетісу облысының турнирі өтті.
«Жастар» спорт сарайында өткен сайысқа денсаулығында ақаулығы бар жандар қатысты. Жалпы айтқанда, боулингке ұқсас ойын түрінің енгізіліп, 2019 жылы алғашқы секциясы Астанада ашылған еді. Содан 2021 жылы Бочча спорт түрінен федерациялар құрылып, өңірлерде дами түсті. «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортқа тарту орталығы» КММ –нен бочча бөлімшесі...
Бүгін Ұлттық басылым күні- «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады.
"!Барша әріптестерімді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Қазақ баспасөзінің тағылымға толы тарихында бұл күннің маңызы бөлек. Себебі дәл осы күні Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының есімімен ұштасып жатқан "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көрді. Сондықтан, өткен жылы Үкімет қаулысымен 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып...
Жамал Нұратайқызы: Сайлаушылардың мүдделерін қорғау – депутаттық парыз
Биыл 2024 жылы баршаға белгілі, халық пен билік арасындағы алтын көпір әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың құрылғанына аттай 30 жыл толып отыр. Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Жамал Нұратайқызы Нұрлыбаевадан атқарып жүрген қызметі турасында сұраған едік.
Жамал Нұратайқызы білім саласының үздік қызметкері, көп жылдар бойына мектептерде басшылық қызмет атқарды. Қазіргі уақытта «Жетісу облысы білім басқармасы» ММ, «Әдістемелік орталығы» КММ-нің әдіскері қызметін атқаруда.
-Жамал Нұратайқызы, еліміздегі...
Балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлем түсті
Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлем түсті. 18 жасқа дейінгі әр баланың арнайы шотына 100 доллардан қаржы түсті. Нақты сомасын көру үшін kids.enpf.kz сайтына кіріп, балаңыздың Жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп тексеруге болады. Естеріңізге салайық, биылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, ол доллармен сақталады. Балаңыз 18 жасқа толған соң, жинақтарды тұрғын үй...
Балалардың құқығын қорғайтын заң нормасы енгізілмек
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасында қандай нормалар бар екенін айтып берді- деп хабарлайды дереккөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.
Кәмелет жасына толмаған балаларды, әсіресе кішкентай оқушыларды (1-сынып, 2-сынып балаларын – авт.) автобустардан, басқа да көліктерден шығарып жіберетін факті бізде көп. Қыста аязды күндері олар тоңып қалады. Мысалы, алдыңғы жылы Қарағанды қаласында және басқа да қалаларда осындай жағдай...
«Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды
"Ару Ана" республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.
Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларыні ріктеу Қазақстанның барлық өңірлерінен жүзеге асырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз...
ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ
2024 жылдың 1 наурызынан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Іріктеу жұмыстарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі...
Сайлау – жарқын болашақ үшін таңдау
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесу өтті. Жиынға Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, сонымен қатар, бейнеконференция байланыс жүйесі арқылы ҚР Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов қатысты.
Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтаев «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ел игілігі үшін елімізде саяси реформалар кезең-кезеңімен...
«Педагогикалық өлшемдер» зертханасы ашылды
Алматы облысындағы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектепте «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-практикалық зертханасы ашылды. Жобаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетімен бірлесе жүзеге асырған.
Бастапқыда балабақша болған бұл ғимарат Еңбекшіқазақ ауданында 1994 жылы құрылған алғашқы қазақ мектебі еді. Қазір іргелі білім ошағына айналған мекемеде әр сынып заманауи тәжірибелік құралдармен, интерактивті тақтамен жабдықталған. Аталған ғимаратта өткен «Тұлғаға тағзым – Тәуелсіздік тартуы» республикалық конференциясында...
ҰБТ-2024: өзгеріс қандай ?
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады,- деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық ресурсы .
2024 жылы «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бейіндік пәндерде берілген тізімнен...





























