13.4 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 482

Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру. Қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысуға шақырамыз.

Мектеп дәретханаларына — санитарлық жаңа талап

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі білім беру мекемелеріне қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар дайындады. Енді мектеп дәретханаларында жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.  өзге желілік басылымдарға сілтеме жасап. Жаңа санитарлық талап бойынша, дәретханаларда жуу раковиналары, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы ұстағыштары, қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады. Бұл ретте дәретхана қағазы да беріледі. Мектепке дейінгі мекемелерде арнайы балалар дәретханалары орнатылады. Ал оқушыларға арналған дәретханаларда арнайы кабиналар...

«Отау» бағдарламасы іске қосылады

"Отау" бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес. "Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады? 1. Отбасы банк салымшылары ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы), оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады; 2. Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек; 3. Өтінім...

Маңызды ақпарат

"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ келесіні хабарлайды. 2024 жылдың 19 ақпан күні қолайсыз ауа райына және температураның - 24 С - 25 С төмендеуіне байланысты Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектептерінде ағымдағы жылдың 19 ақпанында 0, 1-4 сыныптар онлайн оқу форматына ауыстырылды. 5-9, 10-11 сыныптар мектеп қабырғасында оқиды. ⚠️ Құрметті ата-аналар! Қосымша сұрақтар бойынша білім бөліміне 8-7282 -...

Жетісу облысында жыл басынан бері АХАТ мәліметтерін өзектендіруге 2400-ге жуық азамат өтінім берді

Азаматтар көбінесе туу, неке қию және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді түзету үшін өзектендіруге өтініш береді. Қаңтар айында азаматтардың басым бөлігі отбасы құрамын растау, балалар туралы мәліметтерді қосу үшін жүгінген. Мемлекеттік қызметке деген қызығушылық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы...

Жетісуда үшем дүниеге келді

Үшемдерді дүниеге әкелген Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны көп балалы ана атанды. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Жас отбасының көптен күткен сәбилеріне қол жеткізуіне «Аңсаған сәби» бағдарламасы көмегін тигізген. Жалпы «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ЭКО үшін өткен жылы өңірге 221 квота, ал осы жылдың басынан 217 квота бөлінген. Талдықорғандық Самал Аманжолова мен Ернұр...

Бүгін жақындарыңа кітап сыйлап қуант

  14 ақпан- халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің мақсаты - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады. Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми...

Мектептерде тамақтануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Баршаға белгілі, еліміз бойынша 2023-2024 оқу жылының басынан бастап  жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына тамақтану ұйымдастырылған. Жетісу облысы бойынша  340 мектеп болса, оның  277-де   асхана, 17-де буфет және  46-сында буфеттік тамақтандыру  ұйымдастырылып отыр.  Өңірдегі  оқушылар саны 129595 құраса, оның ішінде 116016 ыстық тамақпен, қалғандары буфеттік тамақпен қамтылған,-дейді  журналистермен өткен брифингте Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары...

Қазіргі сатып алу жүйесі бәрін тежеп отыр

Қазақстан Республикасының  Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкімет басшысы қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті. "Мұндай жағдайда пәрменді...

Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілмейтін болды

Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығы мөлшерлемесі көтерілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы  өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап  taldykorgan-online.kz хабарлайды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірісін толықтырудың басқа жолдарын іздеуіміз керек. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері республикалық бюджеттің шығыстарын да, кірістерін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етулері қажет. Мұнда ең алдымен цифрландыру есебінен салықтық және...