Жетісу облысында жыл басынан бері АХАТ мәліметтерін өзектендіруге 2400-ге жуық азамат өтінім берді

218

Азаматтар көбінесе туу, неке қию және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді түзету үшін өзектендіруге өтініш береді. Қаңтар айында азаматтардың басым бөлігі отбасы құрамын растау, балалар туралы мәліметтерді қосу үшін жүгінген.

Мемлекеттік қызметке деген қызығушылық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылуына байланысты туындады. Ата-аналар, қамқоршылар мен қорғаншылар электрондық үкімет порталында балалары туралы мәліметтерді тексеруі қажет болды. Мәліметтер болмаған жағдайда-туу туралы мәліметтерді өзектендіруге өтініш беру қажет еді.

Айта кетер болсақ, АХАТ мәліметтерін түзетуге өтінімді ХҚКО арқылы да, электронды түрде де беруге болады. Өтінім 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

Сондай-ақ, маңызды хабарламалар мен әлеуметтік қызметтерді уақытылы алу үшін, мемлекетті отбасының құрамы туралы хабардар ету керек. Толық және дұрыс мәліметтер базасының арқасында мемлекет барлық ел бойынша және әр аймақ бойынша нақты демографиялық көрініске ие.

 “Азаматтарга арналган үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының PR-менеджері Оқасова Ақбота Бақытбердықызы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз