Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығы мөлшерлемесі көтерілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірісін толықтырудың басқа жолдарын іздеуіміз керек. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері республикалық бюджеттің шығыстарын да, кірістерін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етулері қажет. Мұнда ең алдымен цифрландыру есебінен салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пәрменді шаралар қабылдау маңызды», — деді Олжас Бектенов.