Мектеп дәретханаларына — санитарлық жаңа талап

166

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі білім беру мекемелеріне қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар дайындады. Енді мектеп дәретханаларында жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.  өзге желілік басылымдарға сілтеме жасап.

Жаңа санитарлық талап бойынша, дәретханаларда жуу раковиналары, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы ұстағыштары, қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады. Бұл ретте дәретхана қағазы да беріледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде арнайы балалар дәретханалары орнатылады. Ал оқушыларға арналған дәретханаларда арнайы кабиналар мен есіктер болады.

Бұл түзетулер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар білім алушыларға арналған жатақханаларда 4-6 адамға 1 душ, 1 жуу раковинасы және 1 дәретхана орнатылатыны нақтыланды. Ал әйелдердің жеке гигиенасына арналған 1 кабина 50 адамға арнап салынады. Оның ішінде дәретхана, душ және қол жуатын раковина жабдықталады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз