18.7 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 471

Биыл 1 -сыныпқа өтініш қабылдау 1-сәуірде басталады

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлады. ⠀ Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. ⠀ Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата — анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. ⠀ Өтінішпен бірге...

Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен  CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайыста «Халыққа арналған үздік байланыс орталығы» номинациясында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқауға 440-тан астам үміткер қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының...

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр. Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог...

Үкімет басшысына су тасқынына қатысты ахуал баяндалды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Төтенше жағдайларі министрі Шыңғыс Әріновтің және жекелеген өңір әкімдерінің баяндамасын тыңдады.  Бұл жөнінде өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап хабарлаймыз. Үкімет басшысына қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өңірлерде қалыптасып отырған ахуал туралы баяндалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық...

Талдықорған қаласын көгалдандыру мен балалар лагері мәселесіне көңіл аударылды

Бүгін  Жетісу облысының  әкімі Бейбіт Исабаев кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын. Қабылдауға 9 азамат жазылған. Мұнда келген азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, тұрғын үйін жекешелендіру туралы мәселелермен жүгінді. Оған қатысты қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірулер жүргізіліп, мүгедек бала асырап отырған тұрмыс-жағдайы ауыр әрі  үйге мұқтаж отбасыларына заң аясында қолдау шараларын қарастыру тиісті басқармаларға тапсырылды. Талдықорған...

Иммундау – бұл жұқпалы ауруларға қарсы күрес

Иммундау – бұл вакцина егу арқылы адамда иммунитетті қалыптастыратын немесе жұқпалы ауруларды қабылдамау иммунитетін тудыратын процесс. Иммундау – өмірге қауіп туғызатын жұқпалы ауруларға қарсы күрес үшін сынақтан өткізілген құрал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауына сәйкес иммундау жыл сайын 2-3 миллионға жуық адамның өмірін сақтайды. Жер шарында вакцина шығарылғанға дейін жұқпалы аурулардан балалар өлімі және жалпы өлім жағдайы он еседен жоғары...

Төтенше жағдайлар вице-министрлері Жетісу облысында

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрлері жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді. Жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министрлері генерал-майор Ерлан Нұрпейісов пен Серік Төленбергенов Қорғас-1, Қорғас-2 жобасы селден қорғау құрылысының құрылыс алаңдарын, Балпық би ауылындағы өрт сөндіру депосының жаңа салынып жатқан ғимараттарын, Жетісу облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын және гарнизонның басқа да бөлімшелерін аралады. Сонымен қатар вице-министрлер Панфилов, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының...

Жетісулықтар Наурызды кең көлемде атап өтті

Бүгін Жетісу облысында «Әз Наурыз – игіліктер бастауы!» атауымен Наурыз мерекесі өткізілуде. Осы күні Талдықорғандағы «Жастар» саябағы маңында этно-ауыл тігіліп, онда салт-дәстүр көрсетелді, спорттық жарыстар, қолөнер көрмелері, ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі сияқты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Талдықорғандағы Қонаев көшесінің бойында сап түзеген «Наурыз ауылындағы» киіз үйлерде қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, «Жастар» спорт кешенінің аумағында палуандар арасында қазақ күресінен «Талдықорған барысы» жарысы...

«Наурыз керуені»

Талдықорған қаласында Ынтымақ күніне орай «Наурыз керуені» мерекелік шарасы өтіп, оған 500-ден астам талдықорғандық қатысты. Осы күні атан түйеге мінген Абыз бастаған Наурыз-керуен көші шеру жасап, көшелерді ұзына бойлап жүріп өтті. Мерекелік шараны ұйымдастырушы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметіне қарағанда, Наурыз керуенінің құрамында түйеге және ат арбаға мінгендер, салт аттылар, велоспортшылар, құсбегілер, итбегілер және түрлі мекеме қызметкерлері, жалпы...

Әз-Наурыз мерекесін “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ Жетісу облыстық филиал қызметкерлері атап өтті

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облысындағы филиал қызметкерлері де атап өтті. Жаңадан құрылған мекеменің облыс аумағында төрт бөлімі бар. Онда екі жүзге жуық адам еңбек етеді. Жол пайдалану бөлімдерінің жұмысшылары мерекеге арнайы шақыртылды. Оларды «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев құттықтады. Жүрекжарды тілектен соң ұзақ жылдар бойы салада еңбек еткен ардагерлер марапатталды....