Биыл 1 -сыныпқа өтініш қабылдау 1-сәуірде басталады

60
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата — анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Өтінішпен бірге № 065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3×4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз