Әз-Наурыз мерекесін “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ Жетісу облыстық филиал қызметкерлері атап өтті

114

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облысындағы филиал қызметкерлері де атап өтті. Жаңадан құрылған мекеменің облыс аумағында төрт бөлімі бар. Онда екі жүзге жуық адам еңбек етеді. Жол пайдалану бөлімдерінің жұмысшылары мерекеге арнайы шақыртылды. Оларды «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев құттықтады. Жүрекжарды тілектен соң ұзақ жылдар бойы салада еңбек еткен ардагерлер марапатталды. Мерейі үстем болған ақсақалдардың ақ батасынан кейін берекелі дастархан жайылып, көпшілікке наурыз көже берілді. Мерекелік астан дәм татқан жолшылар дәстүрге сай көшет отырғызып, ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Жол салып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз етіп, сауапты істің басы қасында жүргендер гір тасын көтеруден бабын байқады. Артынша құрыш білекті жігіттер қол күрестен өзара мықтыны анықтады. Ал, ерлердің ептілігі арқан тартыста белгілі болды. Бұл сында «ҚАЖсервис» ЖШС жігіттері жеңіске жетті. Әр спорт түрі бойынша жеңімпаз атанғандардың иығына шапан жабылып, сый құрмет көрсетілді. Ұжымның ауызбірлігі мен ынтымағын арттырған шарада әсем ән шырқалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сылады. Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облысындағы филиалы ұзындығы мың шақырымнан асатын республикалық маңыздағы жолдарға жауапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз