ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрлері жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді. Жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министрлері генерал-майор Ерлан Нұрпейісов пен Серік Төленбергенов Қорғас-1, Қорғас-2 жобасы селден қорғау құрылысының құрылыс алаңдарын, Балпық би ауылындағы өрт сөндіру депосының жаңа салынып жатқан ғимараттарын, Жетісу облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын және гарнизонның басқа да бөлімшелерін аралады.
Сонымен қатар вице-министрлер Панфилов, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының гарнизондары құтқарушыларының күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Сапар соңында өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін нақты тапсырмалар берілді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі