Тікелей эфирде — Еркін ауылының әкімі тұрғындар сұрағына жауап берді
Бүгін Еркін ауылдық округінің әкімі Қанат Рыспеков тікелей эфирде жергілікті әкмдіктің тұрғындарға көрсететін мемлекеттік қызметтері турасында ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ең алдымен «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтері турасында хабардар етті.
Айтар болсақ, «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының негізінде, Қазақстан...
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.
Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге...
Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған
Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған қаласының мансап орталығы» филиал директоры Азамат Балтабеков таныстырды.
Ағымдағы жылға «Қоғамдық жұмыс орындарына» қала бойынша 900 адамды қабылдау жоспарланған екен. Жыл басынан сала мамандарының ұйытқы болуымен ауқымды 3 бос жұмыс...
Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы мәлімдеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға салған әкімшілік айыппұлдарының жалпы сомасы 11 миллион 100 мың теңгеден асады. Барлық сомалар облыстың мемлекеттік...
Кафедра студенттері ант қабылдады
Мемлекеттік әнұранмен ашылған салтанатты шарада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедра студенттері салтанатты түрде ант қабылдады.
Әскери кафедраны аяқтағандар алғашқы офицерлік «запастағы лейтенант» әскери атақтарын алады. Отан алдында адал қызмет етуге серт берген 130-ға жуық студентке бұл күн – үлкен мереке. Салтанатты шараға студенттердің ата-аналары, Қарулы күштердің ардагерлері және Жетісу университетінің ректоры келді.
Ант қабылдамастан бұрын болашақ офицерлер Құрлық әскерлерінің...
Талдықорғанда жылыту маусымына дайындық штабының отырысы өтті
Қала әкімінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтың төрағалығымен алдағы 2024-2025 жылыту маусымына дайындық штабының отырысы өтті.
Жиынға қаланың бөлім және коммуналдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Жиын барысында мекеме басшылары жылу, электр, ауыз су, газ желілеріндегі жөндеу жұмыстары туралы баян етті.
Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов жауаптыларға желілердегі жөндеу жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтау керектігін және білім, денсаулық сақтау, әлеуметті сала нысандарының...
Жетісу облысында «Jas Kenes Siylygy» байқауына өтініш қабылдау басталды
Елімізде тұңғыш рет республика деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің бастамасымен «Jas Kenes Siylygy» байқауы басталды. Байқау ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ұйымдастыруымен жас мамандарды көтермелеу мақсатында жарияланған тәуелсіз жастар премиясы болып табылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конферециясында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев хабарлады.
Конкурстық іріктеу 3 кезеңде...
Талдықорғанда мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы автотұрақ орындарының саны артуда
Талдықорған қаласында мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында арнайы автотұрақ орындарының саны артуда.
Атап айтқанда, қаламызда көп шоғырланған және демалыс аймақтарында яғни, «Ардагерлер» саябағы мен «Жетісу» және «Көк базар» сауда үйлерінің алдында орнатылды.
Сала мамандарының сөзінше, жол белгілерін орнату жұмыстары әлі жалғасатындығын жеткізді.
Айта кеткен жөн, талды қаламызда 5187 мүгедектігі бар азаматтар бар. Соның ішінде, І топта – 550 азамат болса,...
Талдықорғанда ағаштар санитарлық мақсатта кесіледі
Облыс орталығы Талдықорғанда санитарлық мақсатта 500 жүзге жуық ағашты кесу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлім етті.
Сала мамандарының сөзінше, қала аумағында қауіп туғызып апатты жағдайда тұрған және қураған ағаштарды кесу көзделген. Оның орнына күз айында 5 мың түп ағаш көшеттері егілмек.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылы көктем-күз айларында қала аумағына 6 мың дана ағаш көшеттері отырғызылмақ.
«Апатты...
Талдықорғанда бірыңғай есеп айырысу орталығы іске қосылады
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтың төрағалығымен, Талдықорған қаласында бірыңғай есеп айырысу орталығын іске қосу туралы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен жиын өткізілді.
Жиында, бірыңғай есеп айырысу орталығы іске қосылатын болса, тұрғындарға ай сайын бір ғана төлем түбіртегі келетіндігі айтылды. Айта кеткен жөн, бұл жүйенің шарапатын бүгінгі күні Астана және Алматы қаласының тұрғындары көруде.





























