Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтың төрағалығымен, Талдықорған қаласында бірыңғай есеп айырысу орталығын іске қосу туралы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен жиын өткізілді.
Жиында, бірыңғай есеп айырысу орталығы іске қосылатын болса, тұрғындарға ай сайын бір ғана төлем түбіртегі келетіндігі айтылды. Айта кеткен жөн, бұл жүйенің шарапатын бүгінгі күні Астана және Алматы қаласының тұрғындары көруде.