Облыс орталығы Талдықорғанда санитарлық мақсатта 500 жүзге жуық ағашты кесу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлім етті.
Сала мамандарының сөзінше, қала аумағында қауіп туғызып апатты жағдайда тұрған және қураған ағаштарды кесу көзделген. Оның орнына күз айында 5 мың түп ағаш көшеттері егілмек.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылы көктем-күз айларында қала аумағына 6 мың дана ағаш көшеттері отырғызылмақ.
«Апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бұл әкімдіктің ерекше бақылауында. Қураған ағаштар адамға және мүлікке зиян келтіруі мүмкін. Ауру және қураған ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қауіпін азайтады», — деді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков.
Құрметті талдықорғандықтар! Азаматтық жауапкершілік танытып, табиғатты аялап, экологиялық мәдениетті арттыруға шақырамыз!