Кафедра студенттері ант қабылдады

114
Мемлекеттік әнұранмен ашылған салтанатты шарада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедра студенттері салтанатты түрде ант қабылдады.
Әскери кафедраны аяқтағандар алғашқы офицерлік «запастағы лейтенант» әскери атақтарын алады. Отан алдында адал қызмет етуге серт берген 130-ға жуық студентке бұл күн – үлкен мереке. Салтанатты шараға  студенттердің ата-аналары, Қарулы күштердің ардагерлері және Жетісу университетінің ректоры келді.
Ант қабылдамастан бұрын болашақ офицерлер Құрлық әскерлерінің 12740 және 54380 әскери бөлімдерінде болып, жалпы тактиканы зерделеп, қару-жарақ пен әскери техниканы тактикалық-техникалық сипаттамасын, пайдалану ережелерін меңгерді. Сонымен қатар, жауынгерлік іс-қимылды жан-жақты қамтамасыз етудің негіздерін пысықтады. Олар Сарыөзек гарнизоны 12740 әскери бөлімнің далалық оқу-жаттығу полигонында бірнеше күн болып түрлі қару-жарақтардан оқ атты.
Салтанатты түрде ант берген студенттерге басқарма төрағасы — Ректор Ермек Бурибаев студенттердің болашақтарына ақ жол тілеп, ел үшін қызмет ететіндеріне сенім білдірді.
— Отан алдында ант қабылдау ол менің азаматтық борышым. Елді, жерді
қорғау – менің абыройлы парызым. Сондықтан замандастарыма,
өскелең буынға осыны үлгі етер едім, — деді студент Мағжан Ержанұлы.
Студенттер қарумен және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрініс
көрсетіп келушілерді өнерлерімен тәнті етті.
Шара соңы әскери кафедра студенттерінің және 18404 Десанттық-
шабуылдаушы бригадасы көркемөнерпаздарының патриоттық әндерімен
жалғасын тапты.
Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз