Талдықорған қаласында мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында арнайы автотұрақ орындарының саны артуда.
Атап айтқанда, қаламызда көп шоғырланған және демалыс аймақтарында яғни, «Ардагерлер» саябағы мен «Жетісу» және «Көк базар» сауда үйлерінің алдында орнатылды.
Сала мамандарының сөзінше, жол белгілерін орнату жұмыстары әлі жалғасатындығын жеткізді.
Айта кеткен жөн, талды қаламызда 5187 мүгедектігі бар азаматтар бар. Соның ішінде, І топта – 550 азамат болса, ал ІІ топта — 1677, ІІІ топта – 1832 азамат және қол арбамен қозғалатын 500 астам азамат бар. Сондай-ақ, бала жасынан мүгедек яғни 18 жасқа дейін бала саны 1128.