10.8 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 438

Астана саммиті: Мемлекет басшылары мен мәртебелі меймандар пікірі

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Осы орайда Kazinform агенттігі айтулы шарада айтылған мемлекет басшылары мен саммитке қатысқан басқа да мәртебелі меймандардың салиқалы пікірлеріне шолу жасаған еді. Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі,...

Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты. Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және т....

Аманат болған асыл мұра

Домбыраның әр пернесі тарих қатпарларын ақтарады. Ол қазақтың болмысынан, шежіресінен сыр шертер құдіретке ие. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбеттерден қалған, халқымыздың ғасырдан - ғасырға жалғасқан құдды бір қолтаңбасы іспетті.  Атадан-балаға жалғасып  келе жатқан ұлттық музыка өнерін өскелең  ұрпаққа насихаттау, қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту мақсатында  ұлттық домбыра күні арнайы бекітілгені баршаға мәлім. Осы орайда Өтенай ауылдық мәдениет...

Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады. Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00...

Ел ырысы ортаймасын

Бүгінде әлем назарын Қазақстанға тігіп отырғаны сөзсіз. Себебі,шілде айының алғашқы күндері Астана қаласына алпауыт мемлекет басшылары табан тіреп,ШЫҰ саммитіне қатысу үшін бас қосты. Экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдік аренада алар орны зор. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын 2023 жылдың шілдесіндебастаған болатын.Сауда –экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық қарым-қатынас мүше мемлекеттердің көшбасшылары мен...

№14 орта мектеп-гимназиясының түлегі Бекасыл Рысбек ҰБТ-дан 133 балл алды

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Талдықорған қаласы бойынша жас түлектер жақсы көрсеткіштерге ие болуда. Оған дәлелі қаламыздың озық білім ордаларының бірі №14 орта мектеп-гимназиясының түлегі «Физика-математика» пәндерін таңдаған Бекасыл Рысбек 133 балл жинап көш бастап тұр. Естеріңізге салсақ, Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің түлегі математика-география пәндерін таңдаған Алмат Санатұлы 132 балл жинаған болса, ал Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының түлегі Сабина...

Талдықорғандық аналарға «Алтын» және «Күміс алқа» табысталды

Қала әкімі Ернат Бәзіл алтын құрсақты аналарға «Алтын», «Күміс алқа» наградаларын табыс етіп, ақжарма тілегімен жалғады. Салтанатты жиынға, 7 ана отбасыларымен келіп, ерекше толғаныста болып, құрмет төрінен көрінді. «Халық даналығында, «Ана деген бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербетеді» деген ұлы сөз бар. Бұндай теңеу бекер емес. Бұған дәлелі, баланы өмірге әкеліп қана қоймай, оған тәлім-тәрбие, сапалы білім беру, үлкен...

Қалада күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысы Талдықорған қаласының аумағында 5 саябақ пен 40 сквер орналасқан. Өңір орталығындағы бұл аймақтарды көркейту жұмыстарымен келісім шарт бойынша 4 мердігерлік мекеме айналысады. Бүгінгі таңда аптап ыстыққа байланысты жасыл желектер мен көшеттерді күн сайын таңертең және кешкі уақытта суару жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы күнделікті тазалық істеріне 150-ден аса жұмыскер мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.

Талдықорғандықтар көп қабатты үй аулаларын гүлденген баққа айналдыруда

Талдықорған қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің ауласын гүлденген баққа айналдырды. Ол үйдің кіреберіс тұсына жыл сайын сан түрлі гүл өсіреді. Бұл гүлдер қара суық түскенше өңін бермейді. Зейнеткердің еңбекқорлығының арқасында «Самал» шағын ауданындағы №11 үйде өсімдіктердің 60-тан астам түрі өсіп тұрған бұл ауланың «Үлгілі» атағына ие болуы да ғажап емес. Ольга Серебренникова әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды. Он...

«Таза Қазақстан» экоакциясына бүгінге дейін 154 мың жетісулық атсалысты

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған үш айға жуық уақыттың ішінде «Таза бейсенбі», «ROAD-эстафета», тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 154 мыңнан астам адам, атап айтқанда кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене атсалысты. «Таза Қазақстан» экоакциясы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ»,...