Бүгінде әлем назарын Қазақстанға тігіп отырғаны сөзсіз. Себебі,шілде айының алғашқы күндері Астана қаласына алпауыт мемлекет басшылары табан тіреп,ШЫҰ саммитіне қатысу үшін бас қосты. Экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдік аренада алар орны зор. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын 2023 жылдың шілдесінде
бастаған болатын.Сауда –экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық қарым-қатынас мүше мемлекеттердің көшбасшылары мен халықтарының назарын аударып,үміттерін арттырып келеді. Шілде айының 3 мен 4 аралығына жоспарланған Астана саммитінде ұйымның кезең-кезеңімен даму стратегиясы, энергетика, инвестициялар және қаржыландыру, қоршаған ортаны қорғау және экология,сондай-ақ туризм сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастық мәселелері қаралуда. Еліміз үшін аса зор маңызға ие жобалардың жүзеге асуы қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, экномикамызға тың серпін беретіні сөзсіз. Тәуелсіздік сарайында өткен ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттер басшылары кеңесінде делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдап,ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара,соның ішінде цифрлық даму,туризм,энергетика,бизнес
салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сөзін қортындылап, Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірумен қатар Қытай Халық Республикасының Төрғасы Си Цзиньпинге Шанхай ынтымақтастық ұйымына төраға болуымен құттықтап,табыс тіледі. Жері байтақ, халқы табысты еліміздің ырысы ортаймасын,береке,бірлігіміз арта берсін!

Гүлжанат Нұршанова