№14 орта мектеп-гимназиясының түлегі Бекасыл Рысбек ҰБТ-дан 133 балл алды

77

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Талдықорған қаласы бойынша жас түлектер жақсы көрсеткіштерге ие болуда. Оған дәлелі қаламыздың озық білім ордаларының бірі №14 орта мектеп-гимназиясының түлегі «Физика-математика» пәндерін таңдаған Бекасыл Рысбек 133 балл жинап көш бастап тұр.

Естеріңізге салсақ, Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің түлегі математика-география пәндерін таңдаған Алмат Санатұлы 132 балл жинаған болса, ал Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының түлегі Сабина Аблақатта жақсы нәтиже көрсетіп 131 балл иеленді.

Атап өтсек, қазіргі кезде Талдықорғандағы жалпы білім беретін мектептердің 18 бітірушісі ҰБТ-дан 116-дан 133 балға дейін алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз