Елордаға қарап басқа қалалар бой түзейді
Астана –ұлан- ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Ел тәуелсіздігінің басты жетістігі. Болашақтың қаласы, сәні мен сәулеті келіскен алып шаhар.
Мәдениет, білім мен ғылымның, өркениеттің ордасы. Бүгінгі таңда Елорда барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне, тәуелсіз қазақ елінің бет-бейнесіне айналды. Елордамызға қарап Қазақстанның басқа қалалары да бой түзейді. Уақыт өткен сайын түрленіп келе жатқан Талдықорған бұл...
6 шілде — Елорда және Десанттық-шабуылдау әскерлері күні
Еліміз Тәуелсіздік алған соң астананы оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Осылайша елдің жаңа астанасына қолайлы қаланы анықтау үшін республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Таңдау Ақмолаға түсті.
Жоғарғы кеңес шешімі шықты. Мұнан кейін 1997 жылы Тұңғыш Президент астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың...
Бас қала Астана
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 06 шілде күні сағат 19:00-де «Жастар» саябағында өтетін Астана күніне арналған концерттік бағдарламаға шақырамыз.
Келіңіздер көріңіздер!
Талдықорғанда «Aula Fit» жобасы аясында 100 спорттық шара өткізіледі
Мамыр айында бастау алған «Aula Fit» жобасы бүгінгі күні тұрғындардың асыға күтетін спорттық жарысына айналып отыр.
Бүгінде 100 спортық шараның 16-сы «Мүшелтой» шағын ауданындағы №35 үйдің ауласында өтіп, алдағы уақытта қаламыздағы барлық аулаларында жоспарлы түрде өткізілмек.
«Aula Fit» жобасы несімен ерекшеленуде? Спорттық жарыстарға жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық тұрғынның қатыса алуы және бірнеше ұлттық спорт түрлерінің болуымен қатар барша қала тұрғындарын салауатты...
Мемлекеттік маңызы бар мереке
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң негізінде бекітіліп, аталып өтетін маңызды мерекелердің бірі - Астана күні. Ол 6 шілдеде Қазақстанда тұратын ұлтына, нәсіліне қарамастан бүкіл халықтық дәрежеде аталып өтілетін мейрам.
Астана мен Тәуелсіздік үндес ұғым.Тарихи сипатында бұл мереке Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің еліміздің Астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы қаулысы негізінде сипатталып, республикамыздың орталығы болып табылатын қаланы Алматыдан Ақмолаған көшіру шешімінен бастау...
«Жастар 1/1» тұрғын үй алабы жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтылады
Бұл жөнінде қала әкімі Ернат Бәзіл «Жастар 1/1» тұрғын үй алабының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті.
Қала басшысы тұрғын үй алабында атқарылып жатқан жобалардың бірқатарына тоқталып, тұрғындардың сұрағына жауап берді. Жұртшылық қала әкімінен жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етуін және қоғамдық көлікті жүргізу мәселесін көтерді.
Естеріңізге салсақ қала әкімі өткен жылы «Жастар 1/1» тұрғындарымен кездесуінде бірнеше түйіткілді мәселені оңтайлы шешуге...
Астана — мақтанышқа айналған қала
6 шілде - Астана күні, мемлекеттік мереке. Қазіргі уақытта Астана қаласы көптеген заманауи сәулетті құрылыс жобалары іске асырылып жатыр, қала күннен-күнге көркейіп, өз келбетін көз алдымызда өзгертуде. 1998 жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілген Елорда келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді. Өткен жылы ширек ғасырлық жылын атап өткені баршаға белгілі.
2002 жылы ашылған биіктігі 91 метр «Астана-бәйтерек», «Отан Ана», «Қазақ елі» мемориалды кешендері,...
Өткен алты айда 900-ден астам талдықорғандық тұрақты жұмысқа орналастырылды
Талдықорған қаласында жыл басынан бері тұрақты жұмысқа 900-ден астам адам орналастырылды. Сол сияқты «Күміс жас» жобасымен 200-ге жуық адам жұмыс тауып, жоба бойынша белгіленген жоспар 127% орындалған. Бұл туралы жуырда журналистер үшін брифинг өткізген Талдықорған қалалық Мансап орталығының директоры Азамат Балтабеков айтты.
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Талдықорған ...
Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады
Жаңа сервис пайдаланушылар, enbek.kz порталында тіркелген ұйымдардың жаңа жұмыскерлері үшін eGov Mobile мобильді қолданбасында қолжетімді. Енді пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфондардан да қол қоя алады.
Жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмыскерге келісуге жолдайды. Жұмыскерге шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмыскер өзінің жеке басын...
Астанада ШЫҰ саммиті барысында 25 құжатқа қол қойылды
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Астана декларациясы;
2. «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастамасын бекіту жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
3. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы туралы Шанхай...





























