Талдықорғанда «Aula Fit» жобасы аясында 100 спорттық шара өткізіледі

180

Мамыр айында бастау алған «Aula Fit» жобасы бүгінгі күні тұрғындардың асыға күтетін спорттық жарысына айналып отыр.

Бүгінде 100 спортық шараның 16-сы «Мүшелтой» шағын ауданындағы №35 үйдің ауласында өтіп, алдағы уақытта қаламыздағы барлық аулаларында жоспарлы түрде өткізілмек.

«Aula Fit» жобасы несімен ерекшеленуде? Спорттық жарыстарға жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық тұрғынның қатыса алуы және бірнеше ұлттық спорт түрлерінің болуымен қатар барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Айта кетейік, аталмыш спорттық шараға 300-ден аса қала тұрғындары қатысқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз