Ұлы дала ұландары

176
Дереккөз

Қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен әскери-техникалық мектепте “Ұлы дала ұландары” атты қазақ ғарышкерлерін насихаттау мақсатында жастармен кездесу өтті. Жиынға әскери мектептің тәрбиеленушілері, №1, №4, №13 орта мектептің оқушылары мен әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

Дереккөз

Шараны өткізудегі мақсат – жастар арасында патриотизмді дамыту, қазақ ғарышкерлерінің ерлігін кеңінен насихаттау және оны өскелең ұрпаққа үлгі ету. Алғаш боп  ІІМ Құрметті ардагері, әділет полковнигі Болат Молдабеков “Ғарышқа жол салған тұңғыш қазақстандықтар” атты баяндама жасады. “Әр ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар. Осы атаулы оқиға олардың өмірін ғарышқа ұшқанға “дейін” және “кейін” деп екіге бөлді. Бірақ, бастысы бұл ерекше адамдарды, жалпы, барлық ғарышкерлерді біріктіретін бір күш бар – ол орасан зор патриоттық сезім, Жер-Анаға деген сүйіспеншілік, жаhанның жер кіндігі Байқоңырға, оларды ғарышкер қылған қонақжай қазақ жеріне деген құрмет”-деп ғарышкерлердің өмірі, жеткен жетістіктеріне  кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ,  профессор, Айдын Айымбетовтың нағашысы  Жақан Шелбайұлы жерлесіміздің балалық шағы, кәсіби қызметі, ғарышқа ұшуы жөнінде ой бөлісті. Жиынды қорытындылаған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қалық мұндай шаралардың жас ұрпақ үшін маңызы зор екендігін атап, алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK