Мемлекеттік маңызы бар мереке

198

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң негізінде бекітіліп, аталып өтетін  маңызды мерекелердің бірі — Астана  күні. Ол  6 шілдеде Қазақстанда тұратын ұлтына, нәсіліне қарамастан  бүкіл халықтық дәрежеде аталып өтілетін мейрам.

 Астана  мен Тәуелсіздік үндес ұғым.Тарихи сипатында бұл мереке Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің еліміздің Астанасын  Ақмола қаласына көшіру туралы қаулысы негізінде сипатталып, республикамыздың орталығы болып табылатын қаланы Алматыдан Ақмолаған көшіру шешімінен бастау алады. Оның негізгі бағытында экономикалық жағдаяттарды жақсарту да болғаны белгілі. Ақмола облыстардың ішінде алдыңғы қатардағы дамуға мүмкіндігі мол  болғандықтан  1997 жылы орталық мемлекеттік мекемелер Ақмолаға ресми көшіріліп, Астананы осы жерге шоғырландыру шешімі қабылданды. Осылайша, 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға «Астана» деген жаңа атау беріліп, оның бүгінгі күнге дейін  мәртебесі биік, еңселі, еліміздің бас қаласы болып келеді. Осынау маңызы зор мереке қарсаңында барлық тұрғындарды, жерлес Жетісу өңірінің тұрғындары мен қала қонақтарын шын жүректен мерекемен құттықтаймын. Елімізге бейбіт аспан, береке-бірлік тілеймін. Әрбір отбасында шаттық пен бақыт орнасын!

                                                                         Гүлниса Тұлымшақова,

                               Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты,

                                              №7 бөбекжай бақшасының меңгерушісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз