Астана — мақтанышқа айналған қала

250

 6 шілде — Астана күні, мемлекеттік мереке. Қазіргі уақытта  Астана қаласы көптеген заманауи сәулетті құрылыс жобалары іске асырылып жатыр, қала күннен-күнге көркейіп, өз келбетін көз алдымызда өзгертуде. 1998 жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілген  Елорда келбеті  бүгінде адам танымастай өзгерді. Өткен жылы ширек ғасырлық жылын атап өткені баршаға белгілі.

2002 жылы ашылған биіктігі 91 метр «Астана-бәйтерек», «Отан Ана», «Қазақ елі» мемориалды кешендері, «Хан шатыр» сауда және «Думан» ойын-сауық орталықтары, Декоративтік мүсіндер, салтанатты Ақорда, сәулеті келіскен сол жағалау, келбеті өзгеше келісім сарайы, т.т. сынды ғажайыптары бар сұлу шаһар Астананың көркіне көзің тоймайды.

Қалада әр жыл сайын түрлi халықаралық форумдар, көрмелер, конференциялар, музыкалық шаралар және фестивальдар өтедi.

Ұлттық реңдегі көрнекті орындар мен монументтерді, ерекше сәулеттік ғимараттар, мәдениет және ойын-сауық орталықтарды, мұражайлар, театрлар және галереяларды, сауда орталықтар, астаналық аллеялар, түрлі халықтардың ұлттық асханалары — осының барлығын әлемнің ең жас бас қаласында, Астанада табасыз! Ең ғажабы сол, Астана сәт сайын құлпырып, сән-салтанатын асқақтата түсуде.

 

Гүлбаршын Қайшыбаева, Астана қаласының тұрғыны:

Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғаннан   Елордаға 2017 жылы қоныс аудардым.  Қала қай жағынан болсын, өсуде.   Астананың тұрғындары саны да өсіп келеді.  Біз осы  миллионер қаланың тұрғынымыз. Осы жерде қызмет жасайтын балам үйленіп, немерелі болдым.  Ұлым Біржан да бас қалаға қоныс аудардым. Қазіргі таңда балаларға жұмыс бар, баспалы болдық. Шүкір деймін. Немерелердің барлығы  Астананың айтулы оқу орындарында білім алып жатыр.  Кішкентайлары балабақшаға барып жүр.

Есіл жағасындағы әсем қала келуші  қонақтар да жеткілікті. Жылдың қай мезігілі болмасын Астананың көрікті жерлерін аралап жүрген шетелдіктерді, өңірлерден келуші қонақтарды  жиі кездестіруге болады. Астана шаһарының  тұрғыны ретінде әсем де көрікті қаламызбен мақтанамыз.

Б. Қасенов, құрылысшы:

«Астана келбеті — ұлт келбеті» деп  айтылғандай, бұл — шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы. Астана — толассыз түлеу, дамылсыз даму үстіндегі әсем қала.

Бүкіл ел абыройының асқақ көрінісі, мемлекетіміздің мақтан тұтар айнасы- Астана қаласы құрылысына құрылысшы ретінде қолтаңба қалдырдық. 2000 жылдары жаңадан тұрғызылып жатқан Есіл жағалауындағы ғимараттардың бой көтеруіне қолғабыс еткеніміз есімде. Бүгінгі таңда туристік, дипломатиялық сапармен келетін қонақтар, елорданың ажарына таңырқай да, тамсана  қарайды. Астана әлем елдерінің тарихында шапшаң жылдамдықпен қарыштап, өсіп-өркендеп келе жатқан еңселі шаһарлардың бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз