12.7 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 10 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 42

«Таза Қазақстан»: Жетісуда балалар мен спорт алаңдары жаңғыртылуда

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2025 жылы өңірде балалар мен спорт алаңдарын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту шаралары іске асты. Бағдарлама аясында облыс бойынша 81 жаңа нысан пайдалануға беріліп, жас ұрпақтың қауіпсіз ортада ойнауына, ал тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалды. Аталған нысандарды салу және жөндеу жұмыстарына...

Жаңа Конституцияда маңызды нормалар қарастырылған

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы, 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, Жаңа Конституцияны талқылауда. Коалицияның мүшелері бірнеше күннің ішінде еліміздің тоғыз өңірін аралап, мыңдаған кездесу өткізді. Коалиция мүшесі ретінде мен де бірнеше өңірді аралап қайттым. Бір мәселені ашық айтуымыз керек, тек соңғы 7 жылда еліміз отыз жылда ойға келмеген, іргелі және маңызды өзгерістерді бастан өткерді. Президенттің бастамасымен төрт саяси реформалар пакеті, жүзеге...

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген. Жаңа Конституция...

Ауқымды құқықтық реформа

Жаңа Конституция жобасы – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды құқықтық реформа. Қазіргі цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі жаңа мазмұнға ие болып отыр. Ақпараттық қоғам жағдайында адамның құқығы виртуалды ортада да сақталуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасында цифрлық ортадағы құқықтарды қорғауға ерекше мән берілуі  уақыт талабына сай қадам деп білемін. Біріншіден, жеке деректердің қорғалуы...

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу

2-бөлім 6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды» Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Преамбула мен 1-бапта адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланған. Құқықтар мен бостандықтар бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз жария мәлімдемесінде: «Адам және оның қадір-қасиеті – конституциялық модельдің езегіне айналып...

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық. 1-бөлім 1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді» Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді. Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер - Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары...

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына өтінімдерді қабылдаудың 20-шы мерейтойлық кезеңі басталды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына өтінімдерді қабылдаудың 20-шы мерейтойлық кезеңінің басталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы жыл сайын кәсіпкерлік субъектілерін өнім мен қызмет сапасын жетілдірудегі елеулі жетістіктері және тиімді сапа менеджменті жүйелерін енгізуі үшін конкурс негізінде беріледі. Қатысуға: жеке кәсіпкерлер;• Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірумен немесе қызмет көрсетуімен айналысатын заңды тұлғалар (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) шақырылады. Конкурсқа қатысушылар...

2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты. Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Азаматтардың жағдайы...

Жетісу облысында 8 наурыз қарсаңында бір отбасы 60 мың қызғалдақ өсірді

Жетісу облысының тұрғыны тіршілігін гүлмен байланыстырып, маңайын гүлге толтырды. Ол жолдасымен бірге ауласындағы жылыжайда бес жылдан бері альстромерия мен қызғалдақ өсіріп келеді. Биыл олар Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай 14 түрлі сортты 60 мың түп гүл қауызын баптап өсірді. Көктем мерекесінде жұртшылыққа гүл ұсынсақ деген ниетпен талпынып жүрген отбасының еңбегі зор, – деп хабарлайды Жетісу облысы...

Маңызды қадам

Жақында «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында халыққа Ата Заң жобасын түсіндіру мен алдағы наурыз айында өтетін бүкілхалықтық референдумға белсенділікпен қатысуын қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмыстарын белсенді атқаруда Осыған орай жиын өтіп, «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбеков құрылымның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Коалицияға аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясына мүше 16 депутат, қариялар мен белсенділер, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және...