“Көктөбе” демалыс лагері ашылды
Еліміздің ертеңі, біздің болашағымыз-бала. Адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек. “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнегеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады”,-деген Мұхтар Әуезовтың сөзі дәл айтылғандай. Сондықтан жас ұрпақты адамгершілікке, шыншылдыққа, әдептілікке және тағы басқа адамның бойынан табыла білетін барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеуіміз керек.
Балалар қазір жас шыбық секілді. Жақсы жаққа түзеп,...
ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Елдің тұтастығы мен бейбітшілігі, жердің тыныштығы мен тұрақтылығы мемлекеттің ордасы Астанадағы ахуалға тікелей байланысты. Сол арқылы кең байтақ Қазақстан Республикасының әр өңіріндегі жұртшылықтың тіршілігі мен тынысы дұрыс қалыптасады. Әрине мемлекеттің жан жүрегін қорғайтын қан тамырлары – әскері дер едім.
Шынында әскер әрбір мемлекеттің егемендігінің айқын белгілерінің бірі. Әскері болмайтын мемлекет жоқ. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау ҚР Конституциясында, елдің әскери...
50 отбасы баспаналы болды
Астана күні мерекесі қарсаңында бірқатар талдықорғандық баспаналы болды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл әрбір қуаныш иесіне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Айтулы шарада сөз алған өңір басшысы қоныс иелерін құттықтап, облыста халықты тұрғын үймен қамту ісі жылдан жылға қарқындап келе жатқанын атап өтті.
«Бұның барлығы - халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салиқалы мемлекеттік саясаттың...
Мағжан Жұмабаевтың туғанына-130 жыл. «Қазақ елі бір ауыз сөзім саған…»
Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің ғана еес, күллі түркі жұртының шоқтығы биік қаламгері Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай Жетісу облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен рухани шара ұйымдастырылып, оған ақын-жазушылар, әдебиетші ғалымдар, мәдениет пен руханият саласының қызметкерлері,тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кеш барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық унивеситеті филология...
Жадыраған жаз қызықтары
Жаз - жылдың керемет мезгілі. Бұл кезді балалар асыға күтетіндігі сөзсіз. Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «Балдәурен» жазғы ашық алаңы кезең-кезеңмен жұмыс жасап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазғы алаңның басты мақсаты- балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарды анықтау, балалардың шығармашылық қабілетін жан-жақты бағытта дамытуға көңіл бөлу.
4 маусымды қамтитын жазғы ашық алаңда балалар 10 күннен демалуды жалғастырып жатыр. Әр маусымда 150-дей...
Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы
1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.
Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде...
Ел жүрегі — Астана
6-шілде Елордамыздың төл мерекесі! Бұл күн Астаналықтар үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін айтулы мейрам. Тарихымыздың жаңа парағын ашқан елдігіміздің белгіс, бар ғалам тіккен өңір. Бір сөзбен айтқанда Ұлы дала кіндігінде, ерке Есіл жағасында еңсесін тіктеген Отанымыздың жүрегі Астана - ұлттың мақтанышы. Бүгінгі таңда Елорда барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне, тәуелсіз қазақ елінің бет-бейнесіне айналды. Тәуелсіздігіміздің...
Журналистика – түбі, шегі жоқ, терең мұхит тәрізді
Елімізде 28 маусымда – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтті.Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын. Бұл мерекеде қолына қалам, қолтығына микрофон қысқан БАҚ өкілдерінің еңбектері әспелеттелері сөзсіз.«Газет- халықтың көзі, құлағы Һәм тілі»- деген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бүгінде өз мәнін жойған жоқ.
Оқиғалардың қалың легіндегі ақиқатты дөп басып, дүйім жұртқа шындықтың бетін ашатын осы журналистер қауымы. Ақпарат майданының...
Түлек -2023. «Жаңа Қазақстанның ертеңі»- болашаққа қадам басты
Жуырда мектеп бітірушілерге "Түлек 2023 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" ұранымен мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген мектеппен түлектер қимай қоштасты. Талдықорған қаласы бойынша жалпы білім беретін 26 мектеп және 3 жекеменшік білім ордалары бар. Биылғы оқу жылын 33 мыңнан аса бала ойдағыдай аяқтады. Оның...
Балалардың сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптар
Бірнеше аптадан кейін барлық оқушылар үшін көптен күткен жазғы демалыс басталады. Жаз – демалыс, ойын-сауық, денсаулықты қалпына келтіру уақыты. Ата-аналардың көпшілігінде балаларының жазғы демалысын қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы мәселе туындайды. Ата-ананың барлығы дерлігі отбасылық бірлескен демалысқа шығып немесе баласына демалудың басқа түрлерін ұйымдастыра алмайды. Ата-анасы жұмыста болған кезде бала көбінесе үйде жалғыз қалып, компьютер, смартфон және теледидар алдында уақыт...





























