Мәжіліс депутаты «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесті
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесіп, АЭС құрылысы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығын талқылады.
- «Соңғы кездері энергия тапшылығы туралы мәселе жиі қозғалып жүр. Жылдан-жылға халық санының көбеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жалпы экономиканың өсуі электр энергиясының тұтыну көлемін айтарлықтай арттырды. Сондықтан...
ЖЭО мен АЭС 1 ГВт электр энергиясын өндіргенде қанша тонна зиянды зат шығарады
Балқаш көлінен АЭС қажеттіліктері үшін жұмсалатын жылдық су ысырабы оның табиғи булануының шамамен 0,33 пайызына ғана тең. Бұл туралы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика кафедрасының оқытушысы Амангелді Нұрлан айтты.
«Елімізде органикалық отынды жағу кезінде көмірқышқыл газы - 81,6 пайыз, метан - 12,4 пайыз және азоттың шала тотығы 5,6 пайыз бөлінеді. Бұл - зиянды заттар. Айталық, жылу электр...
«Бір ауыл -бір өнім» : Үйдегі ірімшік жасау өнері
Талдықорған қаласының тұрғыны көпбалалы ана Жанар Тұрғанбаева өз қолымен жасалған өнімдерімен танымал. Ол ірімшік өндірумен айналысады және өз өнімдерін «Бір ауыл - бір өнім» жәрмеңке - көрмесіне ұсынды.
Кәсіпкер өз өнімдерін алғашқы рет осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Жанар кеңес алу және қолдауалу мақсатында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінді. «Жетісу-баракат» ЖК ашып, сүт өнімдерін сәтті өндіруде. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен...
Өркениетке жол ашар шешім
Қаламқас Тұрдығұлова, Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнеткер:
– Өркениетті елдердің қатарында болуымыз үшін биылғы жылы елімізде Атом стансасын салу туралы мәселе көтеріліп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы орайда халыққа өз ойын білдіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Себебі, елімізде болған түрлі ядролық сынақтарды халқымыз әлі ұмыта қойған жоқ. Енді бейбіт атомның қаншалықты елімізге пайдасы барын толықтай түсінсін, ой елегінен...
Ел болашағын жарық етер жоба
Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатыр. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді деп ойлаймын. Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде жетекші алдыңғы қатарда. Осы бар қорды ел игілігіне жұмсау керек. Атом электр станциясын салу біз үшін...
Еліміздің дамуы үшін айқын шешім
Тимур Жантикин, «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас директоры:
– «Қазақстанда АЭС салу еліміздің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын шешім болып табылады. Бұл сондай-ақ, барлық салаларға оң мультипликативті әсер етеді. Бейбіт ядролық технологияларға көшу экологиялық мәселелерде тұрақты дамуға ықпал етеді. Атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған жағдайда, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осылайша, құрылыс 8 мыңға дейін адамды жұмыспен...
Департаментпен қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Департаментке бұзылған құқықтарды қалпына келтіру туралы өтінішпен азамат Е. Мұсахан жүгінді.
Автор өз өтінішінде Алакөл ауданы Архарлы ауылдық округі әкімі аппаратының «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»...





























