Өркениетке жол ашар шешім

85

Қаламқас Тұрдығұлова, Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнеткер:

– Өркениетті елдердің қатарында болуымыз үшін биылғы жылы елімізде Атом стансасын салу туралы мәселе көтеріліп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы орайда халыққа өз ойын білдіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Себебі, елімізде болған түрлі  ядролық сынақтарды халқымыз  әлі ұмыта қойған жоқ. Енді бейбіт атомның қаншалықты елімізге пайдасы барын толықтай түсінсін, ой елегінен өткізсін, 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, нақты пікірін ашық түрде білдірсін деген тұжырымға келіп отыр.  Қазіргі таңда  қоғам белсенділері халық арасына шығып, АЭС салудың Қазақстан үшін  өте пайдасы зор екендігін түсіндіруде. Қазақстандық  ядролық физика саласының мамандары да  терең зерттелген сараптамаларымен бөлісіп, бейбіт атомның пайдасы туралы айтуда. Нақты зерделенген жұмыс өз нәтижесін берері сөзсіз. Энергияның баламалы түрін қолданбасақ ұрпағымыздың болашағы қалай болады? Көрші мемлекеттер бізге энергия көздерін бере ме, бермей ме? Бұл терең зерттеліп, қабылданатын мәселе деп ойлаймын. Атом саласындағы жақсы игіліктерді біздің еліміз де дұрыс бағытта қолдануы керек  деген пікірдемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз