Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатыр. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді деп ойлаймын. Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде жетекші алдыңғы қатарда. Осы бар қорды ел игілігіне жұмсау керек. Атом электр станциясын салу біз үшін экономикалық тиімді жоба болыптабылады. АЭС-тің қоршаған ортаға зияны жоқ, бұл орайда мамандар қауіпсіздік мәселесінназардан тыс қалдырып отырған жоқ. АЭС-ті кезкелген жерге салуға болмайды. Халықаралық МАГАТЭ-нің де ұйғарымы бойынша Балқашкөлінің маңайында АЭС салуға еш кедергікелтіретін факторлар жоғын дәлелдеді.
Жетісу облысы бойынша өкілдігі