Психикалық аурулардың алдын алу
Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде «Психикалық аурулардың алдын алу және емдеу бойынша қабылданатын шаралар» тақырыбында брифинг өткізілді. Жетісу облысы психикалық денсаулық орталығының балалар психиатры Дидар Аушинов пен психолог Татьяна Магай психикалық бұзылыстардың алдын алу мәселесі турасында айтып берді.
Мамандардың айтуынша, барлық ауруларға алдын алу шараларын қолдану керек. Психикалық бұзылулар да ерекшелік емес. Психикалық денсаулық, физикалық денсаулық сияқты, адамның жалпы әл-ауқатының...
Бәріміз біргеміз! Талдықорғанда батылдық пен ептілік сынға түскен жарыс өтті
Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің базасында мүгедектігі бар жандар арасында қалалық спартакиада жалауын желбіретті. «Бәріміз біргеміз» деп аталатын спорттық шараға кейбірі отбасыларымен жиналды. Жалпы айтар болсақ, қалада аурушаң балалар мен мүгедектігі бар адамдардың басын біріктіріп отырған 25-тен аса қоғамдық бірлестік және «Асар» спорттық оңалту кешені бар.
Ең алдымен, бұл шараның шымылдығын Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы ашты. Өз сөзінде...
Электр энергиясын пайдалану қағидалары бойынша «электр энергиясын беруді тоқтату (шектеу) шарттары»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті электр энергиясын жабдықтауды тоқтату (шектеу) туралы келесіні хабарлайды.
Электр энергиясын жабдықтау тоқтату (шектеу) тұтынушымен жасалған электрмен жабдықтау шартының негізінде жүзеге асырылады. Электр қабылдағыштарының санаты мен электрмен жабдықтау сенімділігімен қамтамасыз ету және электрлік желіге қосу схемасы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және электрмен жабдықтау...
Тыныш болып аспаны еліміз өркендей берсін!
Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Бұл үлкен ұлық мереке. Өткен жылдан бастап бұл мереке Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қайта атап өтіліе бастады.
Осынау тыныш күнге, азаттық жолында қаншама ерлеріміз жанын қиды. Бүгінгі ұрпақ еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуы жолында еңбек етіп, үлес қосуы керек. Күні кеше спортшыларымыз Азия ойындарына қатысып, көк Туымызды көкке көтерді. Бұл еліміз үшін зор қуаныш.
Байырғы ұстаз ретінде айтарым...
Тәуелсіздік жолындағы қадам
Қ.Тоқаев «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын» –деп тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға...
Талдықорған медициналық колледжінің білімгері республикалық тілдік байқауда жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде "Ахмет Байтұрсынұлы-тіл мұрасы" атты республикалық колледжаралық байқауы 1-2-курс білімгерлері арасында өтті. Байқаудың мақсаты - жастар арасында қазақ халқының төл өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу,бір-біріне деген инабаттылығын, парасаттылығын,ата-баба дәстүрлерін насихаттау,патриоттық рухта тәрбиелеу және қазақ халқы әдебиетіндегі ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау. Байқауға барлығы 10 үміткер қатысты.
Осы ...
Мағжан оқулары : Ауылдық мектеп оқушылары арасында өтті
Күні кеше «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» КММҚК ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ауыл мектептері арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Өтенай ауылдық мәдениет үйінде өткен байқауға Өтенай, Еңбек, Мойнақ ауылдарындағы №21, №22, №23 орта мектептерден 30 үміткер қатысты.
...
Талдықорған бассейіні балық сұлбасына ұқсайды
Талдықорған бассейіні балық сұлбасына ұқсайды. Талдықорғандағы халықаралық стандартқа сай бассейн осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілді. Олимпиадалық стандарттарға сәйкес салынатын бассейн алаңы 8680 мың шаршы метрді құрайды. Тағы бір ерекшелігі – сәулеттік кейпі балық сұлбасына келтірілген. Қаламызда спортқа ерекше бөлінген.
Жаңа бассейнде әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізілуде. Себебі жаңа ғимарат 4 бассейнді қамтиды. Екеуінің ұзындығы 50 метрден, ені 25 метрден, тағы...
Мұғалім- мәртебелі мамандық
Ұстаз-қастерлі, ұлағатты сөз. Әр жанның көкіректегі жүрегіне ерекше жылулық нұрын төгетін аяулы тұлға ол- мұғалім. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Мұғалімдер күніне орай өткен салтанатқа қатысты.
-Құрметті ұстаздар қауымы кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Оқушыларға саналы білім мен зерделі тәрбие беру ісіне...
Талдықорған қасиетті қала
Біз көп жылдан бері Талдықорғанда тұрамыз. Аллаға шүкір! Мұнда отбасымыз толықты, ұрпағымыз өрбіді. Сол үшін Талдықорған халқымыз ұшін қасиетті қала. Биыл бас қаланың облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жылдан астам мезгіл өтті. Осы уақыт ішінде біз шаһардың жасарып-жайнап, өсіп-өркендеуіне куә болдық.
Кешегі тоқырау жылдары тұралап, жарықсыз, сусыз, жылусыз қалған байырғы шаһар бүгінде небір жаңа ғимараттармен толығып, адам танымастай өзгерді. Аймақта...




























